Сенбі, 23 Қараша 2024
3154 1 пікір 5 Қараша, 2019 сағат 12:14

Қазақстан бензинді сыртқа шығаруға тыйым салды

Қазақстан билігі 2 қарашадан бастап алты айға көліктерге бензин мен дизель отынын шығаруға тыйым салды.

Бұл шектеулер "Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін шығару жөніндегі" энергетика, қаржы, ішкі істер министріктері мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің ортақ бұйрығында жазылған. Құжат ақпараттық-құқықтық "Әділет" сайтында жарияланды.

Бұл ресейлік және басқа шетелдік жүргізушілердің көліктеріне жанармай құюға тыйым салынады дегенді білдірмейді. Бірақ оларға 20 литрден артық канистрге бензин құюға тыйым салынады.

Биыл жазда шекаралас елді-мекенде тұратын ресейлік жүргізушілер Қазақстан аумағына келіп, бензин таситыны анықталған. Себебі, елде өндірілетін бензин Ресейдікіне қарағанда әлдеқайда арзан болып шыққан.

Сол кезде энергетика министрі Қанат Бозымбаев елде бензин бағасының арзандығынан Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанға әкетіліп жатқанын айтқан. Оның сөзінше, әсіресе Ресеймен шекаралас елді-мекенге бензин құйып әкету үшін, күніне мыңдаған ресейлік көлік кіреді екен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371