Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2189 0 пікір 19 Тамыз, 2011 сағат 05:25

Әбдіуақап Қара. «Еуразияның асқақтаған жұлдызы – Қазақстан»

Мармара Университетінен әріптесім Оқан Йешілотпен тізе қоса отырып, жазған бұл кітабымыз Ыстамбұл Сауда Палатасының жарияланымдары арасында жарық көрді. Әріптесіммен бірге бұл кітапқа бір жылдан астам уақыт еңбек еттік. Көп уақыт еңбек еткеннен кейін жазғаның алдыңа кітап болып келіп тұрса, бүкіл шаршағаның жоғалады екен. 304 беттен тұратын кітап түрік іскерлеріне арналғандықтан экономика басым болды және статистикалық мәліметтер көптеп орын алды. Түркия мен Қазақстан арасында барған сайын дамыған шаруашылық байланыстарды еске алғанда, бұл кітап түрік іскерлеріне пайдалы болады деген үміттеміз. Еңбектің жарық көруіне демеуші болған Ыстамбұл Сауда Палатасына раһметімізді айтамыз.

Мармара Университетінен әріптесім Оқан Йешілотпен тізе қоса отырып, жазған бұл кітабымыз Ыстамбұл Сауда Палатасының жарияланымдары арасында жарық көрді. Әріптесіммен бірге бұл кітапқа бір жылдан астам уақыт еңбек еттік. Көп уақыт еңбек еткеннен кейін жазғаның алдыңа кітап болып келіп тұрса, бүкіл шаршағаның жоғалады екен. 304 беттен тұратын кітап түрік іскерлеріне арналғандықтан экономика басым болды және статистикалық мәліметтер көптеп орын алды. Түркия мен Қазақстан арасында барған сайын дамыған шаруашылық байланыстарды еске алғанда, бұл кітап түрік іскерлеріне пайдалы болады деген үміттеміз. Еңбектің жарық көруіне демеуші болған Ыстамбұл Сауда Палатасына раһметімізді айтамыз.

Кітаптың алғы сөзінде былай делінуде: "Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда Кеңес Одағынан тәуелсіздігін жариялаған уақытта көптеген адам бұл елдің болашағына күдікпен қараған еді. Өйткені ең бастысы - елдің демографиялық құрамы бір келкі емес еді. Мемлекеттің негізін қалаушы қазақтар 140-тан астам ұлттың өкілдері өмір сүрген елдің жалпы халық санының жарымына да жетпейтін. Бұл жағдай Қазақстанда этникалық қақтығыстардың белең алуы жөнінде алаңдаушылық туғызуда еді. Сонымен қатар, Кеңес Одағынан мұраға қалған ел экономикасында өндіріс орындары жоқтың қасы еді. Елдің мемлекеттік бюджеті мен валюта қоры сынды қаржылық құрылымдары да тәуелсіз бір мемлекеттің бүкіл қажеттіліктерін қамтамасыз ететін дәрежеде емес еді. Міне, осындай жағдайлар, жаңа тәуелсіз мемлекеттің болашағы қалай болар екен деген сұраққа түрткі болып отырды.

Бірақ арада 20 жыл уақыт өткеннен кейін, бүгінгі таңда Қазақстанның экономика, сыртқы саясат, ғылым және мәдениет салаларында қол жеткізген жетістіктері таңқаларлықтай. Бір мемлекет үшін қысқа деп айтуға болатын мезгілде Қазақстан өзін Орта Азияның жарқыраған жұлдызына айналдырған табыстарға қол жеткізді. Осындай орасан зор табысқа жетуде 1989 жылдан бері қарай елге бағыт-бағдар беріп отырған тәжрибелі мемлекет қайраткері Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі зор болды. Көп жақты және жаңашыл саясат шараларымен елді қысқа уақытта аяғына тік тұрғызған Назарбаев тек өзі жетекшілік еткен Қазақстанға ғана емес, сонымен қатар, ортаға салған пікір және ұсыныстарымен түркі әлеміне де жол ашып беріп отыр. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсыныстарымен өмірге келген кейбір түркі мемлекеттік ұйымдарды атап өтер болсақ: Түркі Тілдес Елдер Мемлекет Басшылары ТұрақтыКеңесі, Түркі Тілдес Елдер Парламенттік Асамблеясы және Түркі Академиясы мен Түркі Тілдес Халықтар Ақсақалдар Кеңесі.

Түркияда Қазақстанға жоғары деңгейде көңіл бөліп отыр. Қазақстан жағырапиялық орналасуы, табиғи байлықтарымен Түркия үшін маңызды бір ел болып саналады. Түркия мен Қазақстанның соңғы уақыттарда сыртқы саясатта жүргізген кең көлемді іс-шаралары мен екі ел арасындағы қарым-қатнастар күн өткен сайын маңызды сипат алуда және нығаюда. Мұның өзін тек екі ел арасындағы тарихи тамыры терең туыстық байланыстармен түсіндіру азшылық етеді. Бұл сонымен қатар, екі елдің геостратегиялық орналасулары мен сыртқы саясаттағы бейбітшіл мақсаттарындағы сабақтастықпен де тығыз  байланысты.

Түркия үшін осындай маңызға ие әріптес және бауырлас ел Қазақстан туралы еңбектердің аз екендігі жөніндегі ащы шындық біздің осындай көшбастаушы бір кітапты дайындауымызға себеп болды.  Қазақстанды актуалды мәліметтермен жан-жақты таныстыратын кітаптың қажет екендігін басшылыққа алып осы еңбекті дайындадық. Кітапта әсіресе, бүгінгі Қазақстанды таныстыруға ерекше күш жұмсадық. Кітаптың бастапқы тарауында көне дәуірлерден қазірге дейін Қазақстан тарихының негізгі белестерін атап өттік. Сөйтіп, оқырманның Қазақстанның бүгінгі күнге қалай жеткені жайында мәлімет иесі болуына көмектесуді мақсат тұттық. Бұдан кейінгі тарауларда жағрапиядан, сыртқы саясаттан, сауда және ел экономикасына дейін бүгінгі Қазақстанмен таныстыруды басшылыққа алдық. Бұл салада ең соңғы деректер мен статистикалық мәліметтерді пайдалануға күш жұмсадық. Бұл кітап әсіресе, іскер азаматтарға арналғандықтан экономикалық тақырыптарға көбірек орын бердік. Сөйтіп, екі елдің шаруашылық байланыстарының одан әрі дамуына жанама түрде болса да өзімізше үлес қосуды ойладық. Әрине, бір кітаптың көлемінде бір елді толықтай таныстырып өту мүмкін емес. Сондықтан бұл еңбек Қазақстанды бүге-шігесіне дейін толықтай таныстырады дегеннен аулақпыз. Сонымен қатар, Қазақстанның бүгінгісін таныстыруды мақсат еткендіктен, бұл туралы кітапта бірқатар кемшіліктер мен қателіктердің болуы да занды. Дейтұрғанмен, егер бұл еңбек Қазақстан турасында оқырмандарға титтей де болса мәлімет беріп ой салатын болса, онда өзімізді мақсатымызға жеттік деп санаймыз. Осы еңбектің жарық көруіне еңбегі сіңген барлық азаматтарға, әсіресе, Ыстамбұл Сауда Палатасы Президенті Мұрат Ялчынташқа алғысымызды айтамыз".

Ыстамбұл қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534