Сенбі, 23 Қараша 2024
2489 0 пікір 25 Қараша, 2019 сағат 10:40

Қырғыз депутаты үкіметтің биліктен кетуін талап етті

Жогорку Кенеш депутаты Дастан Бекешев "Азаттыктың" кедендегі жемқорлық туралы журналистік зерттеуіне сүйеніп, парламент үкіметті биліктен алуы керек деп мәлімдеді.

"Әуелі журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Салмақты зерттеу. Сосын Бас прокуратура, қаржы полициясы, қаржы бақылауы, ҰҚМК және Кеден қызметі басщыларын жұмыстан шығару керек. Олардың орнына халық сенетін адамдарды қою керек. Жаңа басшылықтан әділ зерттеу талап ете аламыз. Біз, депутаттар, үкіметті отставкаға жіберуіміз керек. Үкіметке сенім қалмады" деді Бекешев.

Депутат өзінің сайтында "жемқорлар билікте отыр" деп мәлімдеді. Ол азаматтарды журналистік зерттеумен бөлісуге шақырды.

"Азаттык" радиосы Ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлықты зерттеу орталығымен (OCCRP) және Kloop.kg сайтымен бірге зерттеу жүргізді. Онда Қырғызстаннан кем дегенде 700 млн доллар шетелге шығарылғаны айтылды. 10 қарашада журналистік зерттеуде есімі аталғандардың бірі - қытай кәсіпкері Айэркен Саймаитиді Стамбулда өлтіріп кетті. Ол журналистерге қылмыстық әрекетке Кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовтың қатысы барын айтқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394