Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 10708 16 пікір 5 Желтоқсан, 2019 сағат 11:53

"Мен тілден де сұмдық трагедияны көріп отырмын..."

Дулат Исабеков:

"...Мен тілден де сұмдық трагедияны көріп отырмын. Тіліміз де, дәстүріміз де, ұлтымыз да «үп» деп бір леп тартқанда аждаһаның аузына қойып кететіндей қауіпте тұрмыз. Көжекті арыстан жатқан тордың алдына апарып қойсаң, арыстан тек аузын ашады екен де, қоян байғұс шырылдап барып өзі кіріп кетеді екен. Бұл - тіл туралы мәселені тоқтатсақ дегендік емес. Бүкіл біздің зиялы қауымымыз болып, мектептің баласындай шу-шу еткенімізбен, Президент тап ертең тіл туралы жарлыққа қол қойғалы отырған жоқ. Осыны неге зиялы қауым түсінбейді?! Мен Елбасын қорғап отырған жоқпын. Президентке қарсы шыққан адам мендей-ақ болсын, кезінде оппозицияның көкесі болдым. Мемлекет басшысы өзі қол қойып бекіткен «Бірінші Президент» туралы заңға түгелдей қарсылық білдірдім. «Бұл не деген сұмдық?» дедім. Қазақ газеттері баспаған соң, орыс тілді басылымға шыққан «Аул уходит в небо» деген мақалам үшін жұмыстан қуылып та кеттім. Үш жыл жұмыссыз жүрдім. Мен керемет ерлік жасадым демеймін, керек болса сондай да кездерім болған дегенді ғана айтпақпын.

Президенттің қаламгерлермен кездесуі алғашқыдағыдай телеарналардан кең түрде көрсетілген жоқ. «Бірінші кездесуде елді дүрліктіріп алдық» деген қорытынды жасалды ма, соңғы кездесуіміз БАҚ-тан түгел көрініс таппады. Кездесуде Елбасына расында қолпаштау көбірек айтылды. Алайда, оған ол селт еткен де жоқ. «Мен сіздерден мемлекеттік мәселені тыңдағалы келдім» деді. Көңілі толмағанын қатқыл айтуымен, ренішті ескертпелерімен білдірді.
Кездесуден шыққаннан кейін Иманғали маған телефон соқты. «Келіп кетесіз бе?» деді. Сол күні жолға жүргелі отырғанмын, билетімді қайта өткіздім. Тасмағамбетов: «Бағанағы кездесу жайлы Президентпен түстік кезінде пікірлестік. Ұнағаны – сіздің сөзіңіз болыпты. «ащы айтты, нақты айтты» деді». Ондағы сөзімді бүгін қайталаудың керегі жоқ шығар. Бірақ еліміздегі жағдайларға байланысты қайталамаса тағы болмайды.

Біздің бүкіл экономикамыз, ұлттық идеологиямыз, керек десеңіз ұлттың болашағы шетелдіктердің қолына өтіп бара жатыр. Тіліміз, дініміз мұның қасында... Арыстанның аузына түсіп бара жатқан қоян бір мүшемді сақтап қалайыншы деп әрекет ету керек пе, жоқ әлде өзінің өмірін түгел сақтап қалуға тырысу керек пе? Қазақстандағы шетелдік компаниялардың бізді басынғаны соншалықты, салық төлеуден бас тартып отыр. Олар біздің мемлекеттің қойған талабына пысқырып та қарамайды. «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырына 300 мың қытайлық келмекші. Ешқандай жирену, ұшыну дегенді білмейтін бұл халықтың өкілдері аузында бір тісі жоқ кемпірге үйленіп жатыр. Не үшін? Бүгін азаматтықты, ертең қазақ жерін алу үшін. Қазір-ақ басталды. Қытай неге шекара маңына он шақты қала салу жобасын бастады?

-Он сегіз қала және олардың әрқайсысында миллионнан кем тұрғын болмайды.

-Әне! Біз осыны көрмеуіміз, айтпауымыз керек пе? Тағдырымыз осындай қыл үстіне жақындаған уақытта тек қана тіл дей бергеніміз дұрыс па? Рас, тіл туралы айта береміз, айта беруіміз керек, оны ешуақытта тоқтатпаймыз. Ал, мен одан мың есе үлкен қатерді көріп тұрмын. Трагедияны көріп тұрмын! Қазақстан үш күштің ортасында қалғалы тұр. Ресей, Америка, Қытай! Енді олардың арасында Қазақстан үшін талас басталады. Халқымыздың саны бары-жоғы 10 миллион, басқа халық өкілдерімен қосқанда 15 миллион.

Қытайдың кейбір баспасөз беттерінде: «Осынша жерді осындай қазақ сияқты аз халықтың иеленіп отыруының құық бар ма, жоқ па?» деген мәселе көтеруі жиіледі. Тіпті, оқулықтарында «Балқашқа дейін біздің жеріміз» деген сөздер кездесіп жатқанда біз Президентпен кездескенде «осы мәселеге ие болмасаңыз сіз ертең Президент те бола алмайсыз, өйткені сіз кімнің Президентісіз – Қазақстанның Президентісіз!» дегенді айтуымыз керек пе, жоқ жалғызтілді ғана айтуымыз керек пе? Мен осы жанды жеген сауалдарды «Нұреке, 300 мың қытай деген не бұл?» деп Президенттің алдына тартқанымда ол кісі «Мен әрбір адамды есеппен алып отырмын» деді. «Сенейін бе? Осыған менің қабырғам қайысып жүр» дедім. Президент «Қабырғаң қайыспай-ақ қойсын» деді. «Демек, сіздің сөзіңізді шындыққа балап, үйімде тыныш жата беруіме болады ғой?» , «Болады!».

Ал, көрейік, қалай болады екен. Демографтардың есебі бойынша 300 мың қытай алдағы 10 жылда 3 миллионға жетіп қалмақ. Қытай біз сияқты арифметикалық жолмен емес, геометриялық прогрессиямен өседі. Енді олар бала тудырады! Бұрын Қытайда бір баладан артық туғызбайтын, соңғы жылдары екі бала болды. Бұл не? Жер бетіндегі 1 миллиард 350 миллион қытай енді екі бала туғаннан кейін не болады? Бұл мемлекет ешкіммен соғыспайды, ешкімді жаулап алмайды. Қазіргі жағдайда бір елді жаулап алып сол елде қалу мүмкін емес. Өйткені, бұған бүкіләлемдік қауымдастық жол бермейді. Ал, Қытай қандай әрекет жасап отыр? Адам ресурсы арқылы білдірмей жаулап алады. Бір жағы сауда жолы арқылы. Халықаралық интеграцияны ең ұтымды пайдаланып келе жатқан ел – Қытай, халқының саны осыған жетеді. АҚШ-та 350 миллион халық бар, Ресейде 145 миллион. Расын айтса, Қытайдан Америка да қорқады. Қытай әлемде ең арзан тауар шығару арқылы дүниежүзілік рынокты әзір-ақ жаулап алды. Бұдан бес жыл бұрын Америка мен Қытайдың арасында экономикалық қақтығыс болды. Америка Қытайға эмбарго жариялаймыз деді. Бір қызығы, Қытай бұған қарсы болған жоқ. Екі жақтың экономистері жұмыс істеді... Ақыры кім ұтылатын болды? Америка! Бір жарым миллиард халықпен санаспай тұра алмайсың. Ол өте үлкен рынок. Мұны жоғалту Америка үшін бюджеттің жартысын жоғалту деген сөз.

Сөйтіп Қытай арзан тауармен алға басты. Астарына үңілсек, бұл саясат па, саясат емес пе?

-Ең үлкен саясат!

-Енді ойланып қараңыз, қоғамның мұндай жағдайына жазушы араласпау керек пе? «Жазуымды ғана білейін» деп отырған жазушының қазір көк тиынға да қажеті жоқ. Оны сен де оқымайсың, мен де оқымаймын. .."

Сұлтан Қадірдің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды...

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364