Омар Хайям: «Ғұмырым өтті, бұзып тиым салғанды»
(Рубаяттар)
Кәрілігім менің толы күнәға,
Маған кешірім жоқ! Осы мені аяп керек пе?!
Мен есуаспын, құдайдың тілін алмаған,
Ғұмырым өтті, бұзып тиым салғанды.
******
Жаратқан ием, қайғыдан мен қажыдым,
Түк шықпайтын жұбанышқа толы үміттен.
Жаратушы болсаң, сыйлашы маған басқа өмір,
Мүмкін ол жақсырақ шығар мынадан.
******
Біз қуыршақпыз, тағдырымыз оның қолында,
Бұл сөзімнің растығында күмән бар ма?!
Біраз аунатып, ойнатып, өткен соң әркім мерзімі,
Сандығының түбіне тығады да тастайды.
Ішімдегі сырымды айттым саған жасырып:
Адамның қайғысына миы оның жетпейді,
Құдай бәрімізді қасырет балшықтан илеп жасаған :
Бір түнектен шығып, екінші түнекте жоғалсын деп!
******
Күнәсіз келіп – күнәға батып жүреміз,
Күліп келіп – қайғы жеп өмір кешеміз.
Күйдіріп жүрек, көзден жасты төгеміз,
Күлде аунап, өмірді босқа жағамыз.
******
Махаббат та, жауыздық та -
Адамға туа біткен, бірі қалмай.
Жақсы да, жаман да боларсың,
Жаратса Құдай солай адамды.
******
Айтар сөзім: Құдай өзі беріп, өзі алады,
Неге солай, құпия болып қалады.
Дәм – тұзымды, ішкенімді көзбен өлшеп,
Түбінде толтырып құймай тынады.
******
Бұл дүние шыр- шыр ұшқан көп торғай,
Алыстан естіледі айқайлаған жанайқай.
Бұл дүниенің есігі жоқ – дөңгелек тор,
Қамалып мен де отырмын бір торғай.
******
Жүрегім менің, іздеме босқа сен - ізгілік,
Өтірік күшті, іздеме босқа сен - шындық,
Жалғанға қарсы ешкімде ем тапқан жоқ.
Дұрысы көнген, іздеме босқа дәрі жоқ.
******
Молаға сүйегімді менің көміңдер,
Құтқармас енді сөз бен ешкім көз жасы,
Сәл күтіңдер топырақ болып кеткенше,
Содан кейін құмыра жасап қойыңдар.
******
Жүз жыл күл болып, отта бықсыйын,
Қорықпаймын түсіме кірген тозақтан.
Қорқамын мен қайырымы жоқтардан,
Өлген артық олармен дүние сүргенше.
******
Естімен түссем жұмаққа,
Тозақта күнімді көріп кетермін,
Құдайым сақта қайғыдан,
Ақымақпен түсірме жұмаққа.
******
Бесікте – сәби, табытта – сүйек,
Біле білсең: тағдыр міне осындай.
Түбінде қалдырмай жұт, сұрама сен:
Қожасы құлына құпиясын ашпайды.
******
Адамға жақын жүр, жәйлі бол!
Жарала ма ақылыңмен сен оны,
Сенде батыл бол! Тағдырыңмен арпалыс.
Сертіңді бер, жәбірле ме адамды!
******
Жақсылармен жақын жүр – сөзіңді біл,
Жамандардан аулақ ұста – жөніңді біл,
Арамза емін берсе – төгіп таста,
Адал у құйса – төкпей ұртта.
******
Құдайым - ау, әйелге керемет анар кеуде бердің,
Сұлу ерін бердің, ал қызыл шәрбәт шырындай,
Осыдан кейін бұйырасың бұрылма деп оларға,
Суға сүңгіп, былғанба маған дейсің бе?!
******
Досың аз болсын, шұбыртпа көп,
Есте сақта: алыстағы дос жақын.
Қасыңдағы жақын досың,
Бір күні қасың болып шығады.
******
Жақсылар қадырын біліп, құрметтейді өздерін,
Қиындықта жаныңнан табылады жан ұрып,
Жақсы көретін өзіңді - көргің келсе айнадан,
Күншіл болма - күнің шығар жарқырап!
******
Өмір кейде безбүйрек,
Дегенмен ол ғанибет,
Қара нан жеген еш емес,
Ниетің қара болмаса!
******
Сенбе бөспе айтқан сөзге,
Олар ойнақы, өтірікші келеді.
Адамға сен, үнсіз тұрып,
Адамға болса екен деп жүретін.
******
Әуелден зейін маған жат болмайтын,
Дүниенің жұмбақ сырын бірге ашқан.
Сергітіп, мен де астым жетпіс жастан,
Білгенім түкте емес, не дейін мен!
******
Адал өмір сүр, қанағат қыл барына,
Еркін жүр, жоғалтпай, сақта арыңды.
Анау бай екен деп, қапаланба, қызғанып,
Кедейлер бар сенен де сорлы санаусыз.
******
Қатал тағдыр, өлтіреді, аямайды ешкімді,
Бір күні тәнің өліп, жаның шығып кетеді.
Отыр, асықпа, көк шалғынның үстінде,
Қалар тәнің шалғын шөптің астында.
******
Білемін: Ұрлық -үстем, қаптап жүрген ұры.
Ақылды - қашанда жемі ақымақтың,
Арсыз - адалды қорлап күнде жүреді.
Бақыт - батқан, өкініш терең суға .
******
Көйлегің жыртық болмаса болды,
Күнә емес, ертеңгі күнді ойласаң!
Өмір - қымбат! Қалғаны бос әуре!
Әшейін - байлық және құрметте!
******
Жерде ұзақ жүрдім, гүлге толы,
Істерім өрлемеді тау биікке,
Тәубә өмір, өкіндірген талай мені,
Күндерім жанға жайлы тұратын.
******
Өмір қысқа, өтеді де кетеді,
Қызығын көріп, күніңді күнде бағала,
Қалай өмір сүрсең, өмірің солай өтеді,
Өмір туындың, оны бір күн ұмытпа.
Орыс тілінен аударған: Салауат Кәрім
Abai.kz