Сенбі, 23 Қараша 2024
3623 4 пікір 12 Желтоқсан, 2019 сағат 11:55

Сириядан оралған 14 адам түрме жазасына кесілді

11 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы ЕЦ-166/10 мекемесінде "Ислам мемлекеті" террористік тобына қосылды" деп айыпталған Сириядан оралған 14 адамға үкім шығып, барлығы түрме жазасына кесілді.

Тергеу қорытындысына сәйкес, оларға "террористік топ әрекетіне қатысты", "терроризмді насихаттады" және өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылған.

Сот шешімі:

  • Алтаев Данияр Қанатұлы (19 қыркүйек 1992 жылы туған) - 10 жылға сотталды.
  • Амангелді Абзал Маратұлы (17 қараша 1992 ж.) - 8 жыл.
  • Айыпқалиев Ермұқан Темірланұлы (1 қараша 1985 ж.) - 8 жыл.
  • Әбілқайыров Тұрлан Жалғасұлы (6 сәуір 1994 ж.) - 11жыл.
  • Әжмәмбетов Жандос (5 маусым 1990 ж.) - 8 жыл.
  • Бақытжанов Ғазинұр Құлмашұлы (4 наурыз 1969 ж.) - 13 жыл.
  • Жансеңгіров Аманжол Алпамысұлы (29 қыркүйек 1986 ж.) - 12 жыл.
  •  Ибраев Бақтияр Мәмбетұлы (8 желтоқсан 1984 ж.) - 9 жыл.
  • Қамалов Нұрлан Аманұлы (21 қараша 1978 ж.) - 14 жыл.
  • Қуанов Руслан Ерболұлы (18 тамыз 1991 жыл) - 11 жыл.
  • Нарботин Алмас Балғабайұлы (1 сәуір 1986 ж.) - 8 жыл.
  • Сәбитұлы Дәурен, (21 шілде 1988 жылы) - 11 жыл.
  • Сәдуақасов Думан Серікұлы (7 наурыз 1993 ж.) - 11 жыл.
  • Төреханов Данабек Маратұлы (11 қаңтар 1987 ж.) - 9 жыл.

Осы тізімдегі Ермұқан Айыпқалиев қазір арнайы емханада жатыр. Туыстары соғыс аймағында жараланған оның денесінің 30 пайызы ғана қимылға келетінін айтады. Ол ауруханада жатқандықтан сотқа онлайн арқылы қатысты.

Сот шешіміне сай, Нұрлан Қамалов жазасын қатаң режимдегі түрмеде, қалғандары қауіпсіздігі орташа түрмеде өтейді.

Айып тағылған 14 адам - Таяу Шығыстағы жанжал аймағында болған, 25-50 жас аралығындағы ер азаматтар. Оларды Қазақстан арнайы қызметі биыл, 2019 жылдың басынан бері бірнеше рет ұйымдастырған "Жусан" операциясы аясында өзге жүздеген адаммен бірге елге ұшақпен жеткізген.

17 қазанда ҰҚК жариялаған ақпаратта "Жусан" операциясы аясында 595 Қазақстан азаматының Сириядан елге қайтарылғаны, олардың 400-ден астамы - бала екені айтылған. Олар негізінен осыдан бірнеше жыл бұрын Ирак пен Сирияның ауқымды бөлігін басып алған ИМ террористік тобына қосылғандардың отбасы мүшелері. Халықаралық коалиция Сириядағы жанжалға араласқаннан кейін террорлық топ бақылауындағы жерден айырылып, содырларға қосылған қазақстандықтар мен олардың отбасы мүшелері тұтқынға түскен. Бірнеше лагерьде ұсталған оларды кейін Қазақстан үкіметі елге жеткізген.

Қазақстанға "Жусан" операциясы аясында Таяу Шығыстан жеткізілген бірнеше адам осыған дейін жауапқа тартылған. ҰҚК дерегінше, Сириядан елге оралған 10 ер және 5 әйел айыпты деп танылып, сот үкімі бойынша түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

2018 жылы шілде айында ҰҚК Азаттыққа Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Қазақстанның 800-ге жуық азаматы Таяу Шығысқа кеткенін хабарлаған болатын.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480