Сенбі, 23 Қараша 2024
7880 6 пікір 13 Желтоқсан, 2019 сағат 10:49

Иман Каримова анасының тағдырын билік Саида Мирзияеваға тапсырғанын айтады

Ташкентте Өзбекстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримоваға қатысты жаңа тергеу ісі жүріп жатыр. Бұл жөнінде Өзбекстанның бас прокуратурасы мәлімдеген.

Зеңгіата колониясында жазасын өтеп жатқан Гүлнара Каримоваға бұл жолы ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылып жатыр. Онда 255 қылмыстық эпизод бар.

12 желтоқсанда Иман Каримова Instagram парақшасына анасының тағдырын жаңа президенттің қызы Саида Мирзияева шешетінін жазған.

"Бұл тек мүдделер қақтығысы ғана емес, Гүлнара Каримоваға қатысты іс сөзсіз саясиланған. Қазіргі биліктің мақсаты – анамның көзін жою" деп атап өткен Иман Каримова Instagram парақшасында.

Тергеуші Расул Юлдашев Гүлнара Каримова ісі бойынша Өзбекстан президенті әкімшілігі жанындағы ақпарат және бұқаралық коммуникация агенттігіне кешенді сараптама жүргізуді тапсырады. Ал бұл агенттік басшыларының бірі – қазіргі президенттің үлкен қызы Саида Мирзияева.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529