Әшімбаев ПӘ басшысының бірінші орынбасары болды
Мәулен Әшімбаев ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда сайты.
"Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын", делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.
Айта кетейік, Мәулен Әшімбаев шілде айынан бастап Президенттің көмекшісі болып жұмыс істеді. Оған дейін ол «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған.
Ал, осыған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Дархан Аманұлы Кәлетаев қызметінен босатылды.
Abai.kz