Бізде неге олай емес?
Президенттің твиттердегі желтоқсан туралы, тәуелсіздік жайлы жазғанын оқып қуанып жатырмыз. Енді салыстыратын басқа президент көрген жоқпыз. Мұны да түсінуге болады.
Сіздер 30 жылдың ішінде құрбан болған желтоқсан жастарына арнап Елбасының, осы жылы Тоқаевтың алаңға келіп гүл шоғын қойып, желтоқсан жайлы тебірене сөйлегенін көрдіңіздер ме? Мен көрмедім. Желтоқсанда колоннаның басында жүрдім деп естелік жазған Елбасы алаңға жиналған халықтың ортасына келіп, бір-екі тарихи әңгіме айтса болады ғой. Олай жасамайды. Себебі неде екен?.. Маған Елбасының желтоқсаншылар колоннасын қалай бастағанын өз аузынан есту қызық болушы еді.
Ең болмаса, жылда Мәскеудегі парадтан қалмайды. Ал, депутаттар мен министрлер, әкімдер неге олай жасамайды? Шетелдің саясаткерлері тарихи датада, тарихи орындарда жиналған халықтың алдында тұрады сөзін сөйлеп. Бізде неге олай емес?..
Бауыржан Серікбайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан
Abai.kz