Дүйсенбі, 7 Қазан 2024
3391 6 пікір 23 Желтоқсан, 2019 сағат 10:58

Қазақстан өлім жазасын толық жоюға ниетті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өлім жазасынан толық бас тартып, Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің екінші факультативті хаттамасына қосылуы мүмкін. Бұл құжат өлім жазасын жоюға арналған.

"Біздің құқық қорғаушылар белсенді түрде көтеріп келген мәселені шешетін уақыт жетті. Сыртқы істер министрлігіне Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің екінші факультативті хаттамасына қосылу үшін істі бастау тапсырылады", – деді Тоқаев 20 желтоқсанда өткен президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде.

Қазақстанда 2003 жылдан бастап өлім жазасына мораторий жарияланған: ең үлкен жаза – өмір бойы бас бостандығынан айыру. Бірақ өлім жазасы заңда әлі бар. Қылмыстық кодекстің "Соғыс жүргізу және тыйым салынған құралдарды пайдалану", "Геноцид", "Жалшылық", "Соғыс кезінде мемлекетке сатқындық жасау", "Қазақстанның тұңғыш президенті – Ұлт лидеріне қастандық жасау", "Қазақстан президентіне қастандық жасау" (тіптен ол тірі қалса да), "Диверсия", "Терроризм актісі" және "Соғыс кезінде әскери қызметтен бас тарту" секілді 17-бап бойынша өлім жазасы орындалады.

Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдардан бері 536 адамға өлім жазасы кесілген.

Abai.kz

6 пікір