Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5356 0 пікір 23 Желтоқсан, 2019 сағат 11:56

"Жапондық Кафка" аталған жазушы

Жапон елінің ХХ ғасырдағы классик жазушысы Абэ Кобо (1924-1993) медициналық білім алғанымен, әдеби саланы таңдаған табиғи дарын иесі. Оның қаламынан туған ондаған роман, пьеса, әңгімелері арқылы жапондардың ғана емес, адамзат үшін өзекті проблемаларды алға шығарды. Осы болмысымен ол жапон әдебиетін өзгеден мүлде бөлек, дербес әрі бейтарап сипаттағы туынды деп қаралып келген қасаң ұғымның тас-талқанын шығарды. Бұл әлем әдебиеті тарихында жасалған тың қадам болды және осы әрекетімен ол өз аты-жөнін мәңгі өшпестей етіп, алтын әріппен жаздырды.

Абэ Кобоның атағын аспандатып, әлем әдебиетінің биік тұғырына алып шыққан бірден бір туындысы - “Құмдағы әйел” романы (1962). (2006 жылы "Мәдени мұра" бағдарлама аясында басылған кітаптардың тізімінде оны "Құм құрсауындағы әйел" деп аударған екен).

Бұл дүниеге ауыр тағдырын арқалап келетін әйел адам үшін тумысынан азаттықты ғана бәрінен артық көретін еркек кіндіктімен жұптасуы бір шетінен азапты тірлік іспетті. Тірліктің әр тәулігі мен кезекпен алмасып отыратын күндері құмдай сырғып өтіп жатады. Шын мәнінде, махаббат пен әйел ғана адамзатты құтқарушы зор күш. Көлемі жағынан келгенде, шағын ғана осы романда жазушы терең ойлар айтады.

Еуропа жұрты Кобо Абэні «Жапондық Кафка» деп атап кеткен. Мұның да өз шындығы бар. Мән-мағынасыз қарбалас тірлік, мақсатсыз өмірдің машақаты - автор туындыларына арқау болатын негізгі тақырыптар. Алайда, жазушы сомдаған кейіпкерлердің бақытты болуға мүмкіндіктері де зор.

Абэ Кобо 1924 жылы Токио қаласында дүниеге келіп, балалық шағын Манжчурия империясында өткізген. Токио университетінің медицина факультетін бітірген. 1951 жылы “Қабырға” атты шығармасымен Акүтагава атындағы сыйлығын алды.

1962 жылы “Құмдағы әйел” романы үшін оған “Ёомиүри” газетінің атындағы мәртебелі сыйлық берілген және Франция мемлекетінің “Ең үздік шетел әдебиеті” ретінде танылып, арнайы марапатын жеңіп алған.

Сондай-ақ, “Дос” туындысына Танизакигидің, “Жасыл түсті колготки” шығармасына “Ёомиүри” газетінің сыйлығы екінші мәрте берілген.

Шетелдерге аса сыйлы жазушы 1992 жылы АҚШ көркем сурет және ғылым академиясы құрметті доктор дәрежесін берген. 1993 жылы көркем әдебиет бойынша Альфрейд Нобель сыйлығына ұсынылған сәтінде жүрек талмасынан көз жұмды.

Қуандық Шамахайұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394