Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3342 0 пікір 2 Қыркүйек, 2011 сағат 06:53

Ұлттық Анимация Студиясы керек

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мырзаға

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Ел анимациясына арнайы көңіл бөліп, назар аударғаныңыздың арқасында каржыландырылған өнердің қазіргі күні көңіл толтырарлық нәтиже бере алмай отырғанының себебін біз, мамандар жақсы білеміз. Мәселені жүйелі түрде шешу керек екеніне көзіміз жетіп, қажет шаралардың  жоспарын  ұсынамыз.

Жиырма жыл тәуелсіз, дара мәдениеті бар елімізде  «KAZAKH-ANIMA Ұлттық Анимация Студиясы» мекемесінің бой көтеруі әбден піскен мәселе.  Ер жеткен азаматтай еншісін алып, өзіне сай,  жеке шаңырақ құрып, ел мәдениетіне, ұлттық тәуелсіздігімізге бұл өнердің өкілдері  қомақты үлесін қосатындай қабілеттері бар.

Ұлы Абайдың «сен де бір кірпіш дүниенің,  кетігін тап та, бар қалан!» деген сөздері ұран болып,  мәдени мұраларға бай өнердің өзімізге жан-жақты мәлім жүгін көтеріп, еліміздің, бала-шағамыздың мүддесіне қызмет етсек деген ниетпен басымызды біріктіріп, бір қауым ел болып, осы хатты жолдап отырмыз.

Назарыңызға кәсіби, азаматтық негіздемені жолдаймыз.

«Бала тәрбиесі баршаның ісі!» Бүгінгі балаларымыз, ертеңгі ел азаматын тәрбиелеу науқанына қоғам болып, жұмыла кіріскеніміз абзал.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мырзаға

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Ел анимациясына арнайы көңіл бөліп, назар аударғаныңыздың арқасында каржыландырылған өнердің қазіргі күні көңіл толтырарлық нәтиже бере алмай отырғанының себебін біз, мамандар жақсы білеміз. Мәселені жүйелі түрде шешу керек екеніне көзіміз жетіп, қажет шаралардың  жоспарын  ұсынамыз.

Жиырма жыл тәуелсіз, дара мәдениеті бар елімізде  «KAZAKH-ANIMA Ұлттық Анимация Студиясы» мекемесінің бой көтеруі әбден піскен мәселе.  Ер жеткен азаматтай еншісін алып, өзіне сай,  жеке шаңырақ құрып, ел мәдениетіне, ұлттық тәуелсіздігімізге бұл өнердің өкілдері  қомақты үлесін қосатындай қабілеттері бар.

Ұлы Абайдың «сен де бір кірпіш дүниенің,  кетігін тап та, бар қалан!» деген сөздері ұран болып,  мәдени мұраларға бай өнердің өзімізге жан-жақты мәлім жүгін көтеріп, еліміздің, бала-шағамыздың мүддесіне қызмет етсек деген ниетпен басымызды біріктіріп, бір қауым ел болып, осы хатты жолдап отырмыз.

Назарыңызға кәсіби, азаматтық негіздемені жолдаймыз.

«Бала тәрбиесі баршаның ісі!» Бүгінгі балаларымыз, ертеңгі ел азаматын тәрбиелеу науқанына қоғам болып, жұмыла кіріскеніміз абзал.

Кеңестер уақытында ұстазымыз Әмен Қайдар бастаған мамандарға сенім артылып, еркіндік берілгесін режиссер мен суретшілер табысқа жете алды.

Әмен ағаның  сол кезден аңсаған арманы, ел мәдениетіне,  жалпы қазақ еліне  ауадай қажет мекеме - «Kazakh-Anima» Ұлттық Анимация Студиясының бой көтеруіне бар   кәсіби күш жігерімізді салу, біздің азаматтық, шәкірттік міндетіміз.

Бұл мәселені мен топтастырып, көтеріп жүргенім, тегінде көпшіліктің арасынан таңдап алып,  Москвадағы ВГИК-ке  оқуға жіберген ұстазымыздың жасы ұлғайғаны,  «анимацияның  туын саған сендім, іні қарындастарыңа бас көз бол» дегені себеп. Алдымыздағы ақ сақалды қария мен  жалынды жастардың арасындағы көпір болатын, біз, орта буын өкілдеріне үлкен міндет пен сын жүктелгендей.

Әкеміз бата бергендей әсермен құрылған  «Қазақстан аниматорлары ассоциациясы» біраз студиялардың, көптеген мамандардың басын қосып, бүгінгі сәбилер, ертеңгі ел азаматын тәрбиелеуге  үлес қосуды басты жарғылық мақсат етеді және бұл мәселеге  атсалысатын, ынталы адамдардың арасынан әріптестер, жанашырлар  іздейді.

Өте дарынды, білімді азаматтары бар Қазақстанда неге анимация өнері дамымай отыр? Ең басты себеп, ол «Союзмультфильм» сияқты өзінің есеп шоты, мөрі, бюджеті, штаттық кестесі, тұрақты жүйесі бар мекеменің жоқтығы.

Ресейде «Мосфильм» мен «Союзмультфильм» кино өнерінің екі дара мекемелері.Біз үшін 1984-жылы АҚШ-тағы Олимпиада кезінде өткен әлем аниматорларының фестивалінде   ұстазымыз Ю.Норштейн осы өнердің 100-жылдық тарихында ең үздік режиссер  деп танылғаны мақтаныш.  Ф.Хитрук, Э.Назаров сияқты майталмандардан алған тәлім-тәрбие біз арқылы келесі буын өкілдеріне жетуі керек. Ал, замандасымыз М.Алдашиндардың шығармашылық жетістіктері үлгі де аңсаған арман.  Олар біздің анимацияны көтеруге қол үшін берейін деген ниеттері де бар

ВГИК-те оқыған кездегі сол Москвадағы студияда тәжірибеде жүріп, мамандардың шығармашылық кеңестерінде болып, шынайы дарынды қойылымдардың өндірісіне атсалысқан уақыт пен  өнердің бақытты шақтары өз туған елімізде болғанын қалаймыз.

Осы күндері В.В.Путин Ресей аниматорларымен кездесіп, атақты «Союзмультфильм» ата шанырак болып, басқа жеке меншік студияларымен  тығыз жұмыс жасап, елдерінің өнерін жаңа белестерге шығару үшін жүйелі қаражат бөлініп, техника топталып, шығармашылық кең еркіндік пен бірге  авторлық құқықтарын қорғауға кепілдік берді.

Біздегі анимация өнерінің қазіргі жағдайы, бұл «Қазақфильм» АҚ-ның жанындағы шығармашылық бірлестік, штаттық кестеде  бірнеше  ғана маман бар.

Әр деңгейдегі мемлекет атқамінерлері маманның кәсіби негізді ойымен санаспай, бұйрықпен өнерді меңгергені,  аттың ауыздығын жұлқылап, үзеңгіні себепсіз тебіне беріп,  жаратылмаған малды аламан бәйгеге  қосып,  мазасын алғанға  ұқсатады.  Үй салу құрылысшының жұмысы десек, ғарышты ғарышкер игерсе, анимация өнерін аниматорлардың өзі меңгергені жөн. Сонда ғана сапа, жетістік болады.

Әрине, әр уақытта «Қазақфильмде»  басшы болған азаматтар жанашырлық танытып жүр, бірақ анимация дара, күрделі, өзіндік  шығармашылық, өндірістік,  продюссерлік, дистрибуциялық талаптары   кинодан мүлде басқа, негізі өзгеше өнер. Мәдениет  жүйесінен қаржыланғанымен, өндірістің нәтижесі, қойылған фильм телевизия, ақпарат және байланыс министрлігіне тәуелді. Осылай, орнын таба алмай, анимация өнері жетім балаға ұқсап жүрген жайы бар. Шет елдерде анимация көбіне телевизиямен тікелей байланыста, себебі өнімдері бір HD форматта.  Қытайда бірнеше анимация оқу орындары бар, үлкен қалаларында әкімшілік студияларды қаржыландырады, осындай жасанды нарықтан туған өнімдерінің сапасы мен деңгейі ауыз толтырарлық.  Ресейдің құрамындағы Татар, Якут, Башқұрт елдерінде анимация студиялары бар.

Халықаралық АСИФА кәсіби ұжымында Монғолия сияқты анимация өнері кенже мемлекеттер баяғыдан мүше, ал Қазақстан жоқ.

Не істеу керек? Астанада «Kazakh-Anima» Ұлттық Анимация Студиясын құрамына енгізген «Анимация өнері» ордасы болуы қажет. Оның міндеті - анимация саласында жоғары шығармашылық, менеджменттік жұмыс пен қоса, жастар мен бүлдіршіндердің арасындағы дарындыларын өнерге баулу.

Алдымызда келе жатқан көш, Ресей аниматорларының ізімен жүріп, олар мен В.Путиннің  кездесе ұйғарған  шараларды бізде де қолдансақ, адаспаймыз, ұтамыз. Біз олармен қосылып, халықаралық аниматорлар қоғамын құрып, әріптестердің тәжірибесін қолданып, дарынды ұл-қыздарымызды тамаша маман етіп тәрбиелейміз.

Еліміздегі азаматтық, кәсіби ынталардың арқасында бізде ассоциация жұмысы жүргізіліп жатыр, ал ресейліктер енді пісуде, осыған қарағанда қазақ анимация өнері әлі ақ аяғынан тік тұрып кететініне күмән келтірмейді.

Қазақ елі президентінің айтқан сөзінен кейін бөліне бастаған қаражатты біз мәдениетке жасалып отырған инвестиция деп біліп, аса жоғары жауапкершілікпен кәсіби, азаматтық ынтамызды, күш-жігерімізді өнердің жаңа белестеріне жетуіне жұмсап, заманына сай, қабілетті ізбасарлар тәрбиелеу  керек екенін анық білеміз.

Егер қазіргі жылына алты /10-минуттық/ қойылымдар және жан-жақты дайындалып барып ұйғарылатын толықметрлі фильмдерді жүйелі қаржыландырып тұрсақ,  біз, мамандар бірнеше жылда халықаралық талаптарға сай өнімдерді халық назарына ұсына аламыз.

Продюссерлік жоба мен талап, ол беделді студиялар мен мамандардан құрылған шығармашылық кеңес қызметін жүйелі етіп, жұмысты жоспарлап, ағайындыққа, трайбализмге жол бермей, шынайы өнерлік жарыстан туатын үздік фильмдерге жол беру.

Ең басты мәселе, ол «ауыр философия» деп аталатын сюжеттерді азайтып,  жағымсыз кейіпі бар  өнімдер емес,  әдемі, визуалдық тартымды кейіпкерлері бар,  әзіл мен қиялға толы, бүлдіршіндердің көңілінен шығатын фильмдер көптеп жасау керек.

Мемлекет құрамында, анимация өнері қарайтын министрлікте арнайы «анимация өнері» комитеті болғаны дұрыс.

Жалпы өнерді, анимацияны, киноны идеологиялық майдан деп танысақ, мәдениетімізді қорғайтын  «қаруды» мамандарға беріп, орын алып отырған олқылықты жоюымыз керек. «Қазір болмаса, қашан, біз болмасақ, кім?» деген сөздер  сана-сезімімізге қамшы болып,  ата-бабаларымыздан келе жатқан мәдени мұраларды келесі буын, ізбасарларымызды, бала-шағамызды тәрбиелеуде біз, азаматтар, әке-шешелер, бір қол болып жұмылып,  қоғамдық күш құрамыз, қолдау табамыз деген үміттеміз.

Ұлттық анимация мәдениеті жайлы арнайы заң қабылданып, көтерілген мәселелер толық қамтылған жүйе болып ресми түрде бекітілгені дұрыс.

Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Тарихы 75-жылдық Ресейдегі «Союзмультфильм» сияқты өз елімізде «Kazakh-Anima» Ұлттық анимация студиясының  шаңырақ көтеріп, отау тігуіне тікелей себепкер болып, тарихи шара жасап, ұстазымыз Әмен ақсақалдың арманы, қоғамымызға, әр жанұяға өте қажет мекеменің тұрақты жұмысын бастауына мемлекет тұлғаларын міндеттеуіңізді өтінеміз!

Қазақстан аниматорлары ассоциациясының төрағасы Ғали Мырзашев

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364