Сенбі, 23 Қараша 2024
2732 1 пікір 7 Қаңтар, 2020 сағат 11:09

"Терроризді насихаттады" деп айыпталған адам жеті жылға сотталды

Қазақстанда "терроризмді насихаттады" және "араздықты қоздырды" деген баптар бойынша айыпталып жатқан 41 жастағы Жұлдызбек Тәуірбеков жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жаза мерзімін жалпы режимдегі абақтыда өтейді.

Істі қараған Алматының Алмалы аудандық сотының судьясы Қайрат Иманқұловтың айтуынша, үкім күшіне енгеннен кейін Тәуірбеков денсаулығына байланысты өтініш жазса болады. Сот ісі жүріп жатқанда айыпталушы жүрегі ұстап, екі рет ауруханаға жатып шыққан.

Іс материалдарына сәйкес, Қазақстанның әр аумағында тұратын тоғыз адам, оның ішінде Жұлдызбек Тәуірбеков WhatsApp мессенджері арқылы "діни тақырыпты талқылап, терроризмге үгіттеген және арандату мазмұнда хат алмасқан". Олардың сегізі былтыр тамыз айында ұзақ мерзімге сотталған.

Соңғы сөзінде Тәуірбеков өзіне тағылған айыппен келіспейтінін білдірді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395