Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4646 2 пікір 7 Қаңтар, 2020 сағат 12:58

Жақынынан айырылған жандардың жарасына тұз сеппейікші...

Бір ұстаз шәкірттеріне айтыпты. "Мен "Әлхамдулилләх" деп айтқаным үшін 30 жыл Алладан кешірім сұрап, тәубама келдім" деп. Шәкірттері түсінбей, не үшін екенін сұрағанда, ұстаз:

- Мен 30 жыл бұрын базарда сауда жасағанмын. Сол кезде базар өртеніп, тауарларымыздың не болғанын білмеп едік. Сол кезде бір бауырым жүгіріп келіп "Қасыңдағылардың барлығының тауары өртеніп, сіздің ғана тауар қоймаңыз өртенбей қалыпты" дегенде, бірден Аллаға шүкір деп едім. Сонда мен жанымдағы мұсылман бауырларымның тауары өртеніп тұрып менің өзімшілдікпен, бөлектеніп "Әлхамдулиллах" деп Аллаға шүкірлік айтқаныма қатты өкіндім. Өмірде бір бола тұрып, ахиретте бір болуды үміт ете отырып олардан өзімді бөлек қарадым. Содан аман қалған тауарларымды барлық жанымдағы мұсылман бауырларыма бөліп бердім. Сонда да жаным жай таппай 30 жыл бойы сол сөзіме ұялып, өкініп әліге дейін тәубә етемін. Бірақ, ей шәкірттерім, мен өлсем сол мұсылман бауырларымның жанына көмбей, алысқа жерлеңдер. Оларға қарауға, бір жатуға менде тазалық жоқ- деген екен.

Әрине, тәубә етушілерді Алла қабыл етеді. Қабыл болсын. Бірақ деймін да, бұл сөзді бастап отырған себебім мынау.

Қазіргі кезде құлаған Бэк Эир компаниясының ұшағынан аман қалғандар мен ұшақтан қалып қалған ағайындар аман қалғандағы историяларын әлеуметтік желі мен түрлі ақпарат құралдарына жарыса сұқбат беріп қуаныштарын бөлісіп әлек. Бұл әрекеттері өзімен ұшақта тағдырлас болған, өмірде қандас бауыр болған, бірақ апатта қаза болған жандардың отбасына ауыр тиеді деп ойламайма екен? Қайғырып қан жұтып арыстарынан тірідей айырылып отырған қаза болған жандардың туыстарының жан-жүрегіне соққы боларын білмей ме екен?!

Сәлде болса, мың жерден аман қалсақ та, жақынынан айырылған жандардың жарасына тұз сеппейікші...

Тәубәға келейік, тәубәні Алла қабыл алушы...

Мұқаметқали Ұлықпанұлының әлеуметтік жазбасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408