Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4597 9 пікір 7 Қаңтар, 2020 сағат 13:49

Сот Шораевтың арызын қанағаттандырмады

Алматы қаласы, Жетісу аудандық соты Арман Шораевтың 2019 жылдың 6 қазан күні «Facebook» әлеуметтік желісінде жарияланған материалға байланысты Абзал Құспан мен Сәуле Әбділдаханқызынан моралдық шығын талап еткен арызын қанағаттандырмады. 

Бұған дейін Арман Шораев өзін Ислам Әбішев ісіне араластырды деген айыппен Абзал Құспан мен Сәуле Әбілдаханқызының үстінен шағымданып, моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге талап еткен болатын. Шораевтың сотқа арыздануына журналист Сәуле Әбілдаханқызының әлеуметтік желідегі жазбасы себеп болған.

Алайда, 6-қаңтар күні Алматы қаласының Жетісу аудандық соты ҚР Әкімшілік Кодексінің 168, 279, 280, 268, 269 баптарына сүйене отырып, Арман Шораевтың моральдық шығын талап еткен арызын қанағаттандырмады.

Заң бойынша, айыптаушы тарап 10 күн ішінде Алматы қалалық сотына шағымдануға құқылы.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407