Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2500 0 пікір 9 Қыркүйек, 2011 сағат 05:21

Айнұр Асылбекқызы. Қарбыз, Мәсімов және «көк көйлектің ішіндегі көктем»

Айтыс өнері атам қазақтың қанындағы нәрсе. Рухты тәрбиелейтін құрал. Алайда, жақында Атырауда өткен белгілі айтыскерлер Ақмарал ЛЕУБАЕВА мен Айбек ҚАЛИЕВТІҢ жекпе-жек айтысы жергілікті өнерсүйер халықтың алдында өзінің беделін  түсіріп алғандай әсер қалдырды. Бәске ештеңе тігілмегесін бе, жекпе-жек айтыс дегеннен гөрі, оған жеңіл-желпі айтыс деген атау сай секілді.

Осылай боларын сезді ме, Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрының залында халық шашылған тарыдай сирек отырды. «Сонда билет бітіп қалды дегендері қайда?!» деп қойдық. Қарап тұрсақ, көрермендердің көпшілігі де шалғай аудандардан келген ауыл қазағы екен.

Айтыс өнері атам қазақтың қанындағы нәрсе. Рухты тәрбиелейтін құрал. Алайда, жақында Атырауда өткен белгілі айтыскерлер Ақмарал ЛЕУБАЕВА мен Айбек ҚАЛИЕВТІҢ жекпе-жек айтысы жергілікті өнерсүйер халықтың алдында өзінің беделін  түсіріп алғандай әсер қалдырды. Бәске ештеңе тігілмегесін бе, жекпе-жек айтыс дегеннен гөрі, оған жеңіл-желпі айтыс деген атау сай секілді.

Осылай боларын сезді ме, Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрының залында халық шашылған тарыдай сирек отырды. «Сонда билет бітіп қалды дегендері қайда?!» деп қойдық. Қарап тұрсақ, көрермендердің көпшілігі де шалғай аудандардан келген ауыл қазағы екен.

Ораза кезінде өткен айтыста Астанадан келген ақын Айбек Қалиевтің өнері басым түсті. Ал Оңтүстік Қазақстаннан келген ақын Ақмарал Леубаева «Айбек елдің жайын айтады, мен қасында отырып аузымды жыбырлатсам болғаны» дегені ме, Айбек бастап берген Шымкенттің қарбызы тақырыбынан әрі асып кете алмады. Ал Айбек болса, алдын-ала келісіп алғандай, айтыстың бар жауапкершілігін өз мойынына алды. Ол елдегі жағдайды айтып, билікті, үкіметті, парламентті сынға алды. Халықтың жағдайын айтудай-ақ айтып, елінің мұңын мұңдамаған парламентті қолымда болса бір-ақ күнде таратып жіберер едім деп жырлады ақын. «Қытайға жеті мың гектар жерді берді, үкімет етегіне шалынып жүр» деп те жырға қосты. Елден бой тасалап жүрген Рахат Әлиевті де сын садағына алды.

Айбек ақын Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиевке де құлаққағыс жасап, «Әкімі ақынын іздеген елдің бағы ашылар» деп  ол атыраулық айтыскер ақын Сағадат Нұрмановтың пәтерсіз жүргенін айтып қалды. Қаладан бір пәтер берілсе деген тілегін жеткізді. «Жұмысының байқап тұрсам жағдайы жоқ, шуылдаған бес-алты баласы бар, еленбей өз елінде жүрсе дағы, Алты алашқа Сағадаттың бағасы бар» деп жырлады.

Ал Ақмаралдың "ораза кезінде елді бірлікке шақырайық, қартайғанда тыныштықты ойлайтын болдық" дегеніне, Айбек:

«Көсіліп сөйлеп қалам тілім барда,

Жасырын сенен жұртым сырым бар ма?

Сіз маған тыныштықты ойла дейсіз,

Қытай келсе, көретін күнің бар ма?

Ақ апа, ақиқатты ақтарайық,

Сампылдап шығып тұрған үнің барда

Махамбеттің еліне келіп тұрып,

Шындықты жасыратын жөнің бар ма?!»

Бұдан әрі қарай ақын өзгелерге жақсы атты болып көріну үшін шетелге берген мұнайымыз біткен соң, жадау халықтың қалай күн көретінін толғады.

Оған қоса, Қытайдағы қазақ жазушысы, драматург, ақын, «Қылмыс» романының авторы Қажығұмар Шабданұлының туған елден топырақ бұйырмастан дүниеден өткенін айта келе, «оралмандар» атанған қазақтардың проблемасын қаузады.

Тағы да сол Айбектен Ақмарал Леубаеваның көктемде өткен «Періште емеспіз, пендеміз» атты шығармашылық кешінде үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ақынға алтын білезік сыйлағанын білдік. Айбекке жауап берген Ақмарал мұндай білезікті премьер-министр елімізде жалғыз маған ғана сыйлады деп мақтанды. «Кәрімге берген қазақ көп, Кәрімнен алған жалғыз біз» деді ол.

Одан бөлек, өзінде шымшым өткен Айбекке Ақмарал:

«Көк көйлекті киіп ап көлбеңдеп деп,

Тиісіп бізге де-ай кеткен жағың.

Бұл күйеу қайдан білсін апасының,

Көйлегінің ішінде-ай көктем барын», деп жыр жауап қатты.

Ал, Айбек қарсыласына:

«Апамыз көктем жайлы сарнайын деп пе ең?

Сөздері қайын апамның балдай неткен!

Көк көйлектің астында көктем бар деп,

Құмарды оятады қанбай кеткен.

Көк көйлектің ішінде шаруам жоқ,

Сен өйтіп тақылдатпа таңдайды еппен.

Апырым-ай, көк көйлектің астындағы

Көгермей көп жыл жатқан қандай көктем?», деп сөзбен іліп өтті.

Міне, Атырауда өткен айтыстың жалпы жайы - осы. Бұл айтыстың өтуіне қаржылай демеушілік көрсеткен ақтаулық тұрғын екенін атап өткіміз келеді. Ал Атыраудан қолдау көрсетер ешкім табылмапты. Бұл әрине, біз үшін сын екені айтпаса да түсінікті.

Айтпақшы, жуырда Атырауда өтетін келесі жекпе-жек айтыста Сағадат Нұрманов пен Балғымбек Имашев өнер көрсетеді.

Cуретті түсірген автор

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5473