Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
46 - сөз 4962 8 пікір 17 Қаңтар, 2020 сағат 11:45

Авторитарлы мемлекеттегі өзгеріс тек көзбояушылықпен жасалады

Негізі, күлетін нәрсе емес

Ресейдегі өзгерістен ештеңе күтпеймін. Француздың «Plus ca change, plus c’est la meme chose» дейтін ежелгі мақалы бар, біздің тілімізде «Дүние неғұрлым өзгерген сайын, соғұрлым бұрынғы қалпында қалады» дегенді білдіреді. Авторитарлық мемлекеттегі өзгеріс тек көзбояушылыққа я халықтың қайнаған ашуына су бүрку үшін жасалады.

Жақында бізде де біраз ауыс-түйіс болады, себебі Армениядан ағылған көліктердің иелері жер-жерде жиналып, талаптарын қоя бастады. Бұл билікке жасалған үлкен челлендж. Көліктің дені Батыс өңірде, демек қоламта көріктің деміне түссе өте қиын шиеленіске апарады. Одан бөлек еліміздің әр өңірінде саңырауқұлақша қаптаған "Сергек" дейтін сергелдең жараның бетіне тұз сепкендей реакция тудырды. Көпбалалы аналардың ашуын, басқа толқуларды жиып қойғанның өзінде, тек көліктің өзі көп күрмеудің шешімі жоқтығын білдіреді.

Былтыр "керемет" рокировкамен елді бір дүр сілкінткен билік биыл да "сюрпризсіз" қалдырмас деген "үкілі үміттемін".

Дәурен Дариябектің әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1150
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2683
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 799
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 770