Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2971 0 пікір 22 Қаңтар, 2020 сағат 10:48

Интерполдың бұрынғы басшысы 13,5 жылға сотталды

Қытайда сот Интерполдың бұрынғы басшысы Мэн Хунвэйді 13,5 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Интерполды 2016 жылдан бері басқарып келген Хунвэй 2018 жылы қыркүйекте Қытайға барғанда жоғалып кеткен. Бейжің бір айдан кейін ғана ол пара алған деген күдікпен қамауға алынғанын мәлімдеді.

2019 жылы маусымда сот отырысында Мэн Хунвэй екі миллионнан астам доллар пара алғанын мойындаған. Қытайдың Коммунистік партиясы шенеунік қызметін пайдаланып, мемлекет ақшасын шашты деп жариялады.

Хунвэй Интерполды басқарғанға дейін Қытайда қоғамдық қауіпсіздік бойынша министрдің орынбасары болып істеген. Оның әйелі күйеуінің қамалауында саяси астар бар екенін айтып келеді. Ол Интерпол оның отбасын қорғап қала алмады деп, ұйымды сотқа берген.

Кезінде Мэн Хунвэйдің Интерпол басшылығына тағайындалуы құқық қорғау ұйымдары тарапынан сынға алынған. Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары Қытай шетелдегі диссиденттерді ұстау үшін Интерполды пайдалануы мүмкін деп есептеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1150
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2682
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 797
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 769