Сенбі, 23 Қараша 2024
2444 1 пікір 26 Қаңтар, 2020 сағат 16:20

Тоқаев Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуына жол бермеу үшін Үкіметке нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

«Үкіметке Қытайда пайда болған коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

Соңғы деректер бойынша Қытайда пневмониялық вирусты (коронавирус) жұқтарғандар саны 2000-ға жуықтаған және 56 адам коронавирустан көз жұмған.

Вирус ошағы Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан Ухан қаласы деп айтылады. Онда 11 миллион адам тұрады.

Қытайда тараған вирус Австралия, Оңтүстік Корея, Жапония, Гонконг, АҚШ, Канада, Франция және Тайванға жеткен. Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қауіпті инфекция жұқтарғындар елімізде жоқ екенін мәлімдеген. Сондай-ақ, құзырлы министрлік коронавирусты зертханалық жағдайда анықтауға мүмкіндік беретін праймерлерді сатып ала бастаған.

Қытайдың Ухан қаласында бүгінде Қазақстаннан 230 студент оқиды. Олардың 98-і әлі сонда қалып отыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437