Азат Перуашев: «Желтоқсан оқиғасын ресми түрде көтеріліс деп тану қажет»
Кеше Астана қаласында «Ақ жол» партиясының бастамасымен Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығын лайықты деңгейде атап өту жөнінде республикалық Қоғамдық Комитет құрылды. Қоғамдық комитет құру туралы ұсынысты өткен аптада «Ақ жол» ҚДП Президиумының отырысында партия төрағасы Азат Перуашев айтқан болатын.
Мемлекеттік тіл мәртебесі туралы ой-пікір соңғы кезде еліміздің бірқатар азаматтарының мемлекеттілікті қазақ тарихынан бөлек алып қарайтынын байқатты. Өкінішке қарай, бәзбіреулер Қазақстан тәуелсіздігін қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасқан күресінің нәтижесі емес, бір сәттік тағдырдың тартуы деп қабылдайтын сияқты.
Шындығына келгенде, тәуелсіздікке қол жеткізу жолында қаншама батыл қадамдар жасалып, талай жан құрбан болды. Осы жолда ондаған жылдарға созылған күрес пен көтерілістер аз болған жоқ. Солардың бірегейі мен қорытындысы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі деп тануымыз қажет.

- Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығы, Ел Тәуелсіздігінің мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған мерекелік шараларды атап өтумен қатар, ел егемендігі үшін қасық қаны қалғанша күрескен азаматтарға және сол уақтағы тарихи маңызы зор оқиғаларға құрмет көрсетуіміз керек. Ең алдымен бұл бағытта біздің замандастарымыз, 1986 жылғы қазақ жастарының көтерілісіне қатысушы бозбала мен бойжеткендеріміздің алдында бас июіміз қажет, - деп атап өтті Азат Перуашев.
Өкінішке қарай, бұл айтулы күн мерейтойдың мемлекететтік іс-шаралар тізімінен тысқары қалды. Осыған орай Қазақстанның «Ақ жол» ҚДП Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығын өз деңгейінде атап өту жөнінде республикалық Қоғамдық Комитетін құру туралы бастама көтеріп отыр. Аз уақыттың ішінде бұл ұсынысты еліміздегі көптеген қоғамдық ұйымдармен қатар елге белгілі тұлғалар қызу қолдауда. Қоғамдық Комитеттің барлық қатысушылары осы органның толықтай құрылтайшылары болып табылады.
Бүгінгі таңда Желтоқсан көтерілісіне жан-жақты тарихи және саяси баға берілуі керек. Осы бағытта Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы ұлт тарихын бүгінгі және кейінгі ұрпаққа шынайы түрде жеткізу үшін нақты іске кірісіп отыр.
Атап айту керек, Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығын лайықты деңгейде атап өту жөніндегі республикалық Қоғамдық Комитеті партиядан бөлек ұйым. «Ақ жол» демократиялық партиясы тек бұл комитетті құруға ұйытқы болды және алдағы күні осы Комитеттің сәтті қызмет етуі үшін барынша қолдау көрсетеді.
Отырыс барысында Комитеттің жұмыс жоспары жасалып, тың ұсыныстар тыңдалды. Нақтырақ айтқанда, Желтоқсан көтерілісін ресми түрде көтеріліс деп тану; Желтоқсан көтерілісіне және сол оқиғада жазым болған азаматтарға арнап Қазақстанның барлық облыстарында ескерткіштер орнату; Орыс мектептері мен жоғарғы оқу орындарында Желтоқсан көтерілісі туралы шынайы ақпарат беріп, жастардың санасына осы көтерілістің маңыздылығын жеткізу т.б. осы секілді маңызды ұсыныстар жасалды.
«Cонымен бірге, бүкіл облыс орталықтарында Желтоқсан көтерілісіне арналған ескерткіштер орнатылуы қажет. Өйткені Желтоқсан көтерілісі дүниенің даму бағытын өзгертен «Прага көктемі» Будапешт көтерілістері, Вильнюс көтерілістері тәрізді халықаралық геосаясат бағытын өзгертен аса маңызды тарихи оқиға»- деп атап өтті А. Перуашев.
Желтоқсан көтерілісіне қатынасушыларға қоғам жағынан жан-жақты моральдық қолдау қажет. Өйткені бұл сол кездегі тоталитарлық заманның құрбандары және Желтоқсан көтерілісі қоғамды ажыратуға емес, керісінше бүкіл қоғамды ұйыстырушы фактор ретінде қарастырылуы қажет.
Бұл айтылған ұсыныстардың барлығы жақын күндері жинақталып, Комитет атынан ортақ Үндеу ретінде қоғам назарына ұсынылады.
Қоғамдық Комитеттің ұйымдастырушылық отырысына елімізге аты мәлім азаматтар: Сабыр Қасымов - қоғам қайраткері, Амангелді Айталы- қоғам қайраткері, Сұлтанхан Аққұлұлы - алаштанушы, «Азаттық» радиосының редакторы, Мәмбет Қойгелдиев - Қазақстан тарихшылары қоғамының Президенті Бейбіт Қойшыбаев - «Әділет» тарихи-ағарту орталығының жетекшісі, Дос Көшім - «Ұлт Тағдыры» қозғалысының жетекшісі, саясаттанушы, Бейсенғазы Нүкен - «Желтоқсан ақиқаты» қозғалысының жетекшісі, Айдос Сарым- қоғам қайраткері, Дәурен Бабамұратов - «Болашақ» жастар қоғамының төрағасы, Талғат Абдыжапаров - Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығы төрағасының орынбасары, Алмас Тұртаев - «Ақ жол» ҚДП-ның Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, Еркебұлан Ілиясов - кәсіпкер атсалысты.
Желтоқсан көтерілісінің 25 жылдығын лайықты түрде атап өту Қоғамдық Комитеті мұнымен толықтай қамтылып, құрылып бітті деуге болмайды. Яғни, аталған ұсынысты қолдайтын кез-келген бірлестіктер мен ел азаматтары комитет жұмысына атсалыса алады.
Қоғамдық Комитет отырысының қорытындысында Комитеттің төрағасы болып, белгілі жазушы, қоғам қайраткері Смағұл Елубай тағайындалды.
«Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі