Сенбі, 23 Қараша 2024
2666 0 пікір 17 Ақпан, 2020 сағат 11:21

Цукерберг: Facebook күніне миллион фейк аккаунтты жояды

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг күн сайын қызметкерлері миллиондаған жалған аккаунтты жойып отыратынын, олардың бір бөлігі саяси кампаниялармен байланысты екенін жеткізді.

"Қазір біз күніне миллиондаған жалған аккаунтты өшіріп жатырмыз. Көбі тіркелгеннен кейін бірнеше минөттен соң білінеді. Олардың көбі сайлауға ықпал етуге тырысатын мемлекеттік субъектілерге қатысы жоқ. Олар әртүрлі іс жасауды көздейтін спамерлер және адамдар. Бірақ әлбетте бірқатары – билік кампанияларының бір бөлігі", – деді ол Мюнхенде өткен қауіпсіздік бойынша конференцияда.

Оның сөзінше, Facebook 2016 жылы АҚШ-та өткен сайлаудағы жанжалдан кейін қолданушылардың белсенділігіне бақылау жүргізу саясатын және алгоритімін өзгерткен. Онда Ресей сайлау кампаниясына араласты деп айыпталған. Бұл іс бойынша Цукерберг Конгрессте куәгерлік еткен.

Цукерберг осыған дейін мәлімдегендей, 2016 жылдан бері Facebook жарнама саясатын өзгерткен. Саяси жарнама беруді қалаған әрбір қолданушы рұқсат алып, жеке мәліметтерін және жұмыс істейтін жерін жазуы тиіс. Қолданушылар жарнама үшін кім ақша төлегенін көре алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485