Грекия болса мигранттардың жаңа легін қабылдауға дайын емес екенін мәлімдеді.
Болгария мен грек шекарасы қазір барынша күшейтіліп жатыр. Полиция мигранттарды кері қайтару үшін көзден жас ағызатын газ қолданып жатыр.
Болгария премьер-министрі қақтығыс кезінде екі адамның қаза тапқанын айтты.
Шекарада еріктілер босқындарға тамақ таратып жатыр. Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Еуроодақты уәде еткен 6,5 млрд долларды бермеді деп айыптады.
Бірақ Германия канцлері Ангела Меркель түрік билігі Еуроодақтан тым көп нәрсе талап етеді деп отыр.
"Мен түрік үкіметі мен президенті Ердоғанның Еуропадан көп нәрсе күтетінін түсінемін. Бірақ бұл мүмкін емес. Бірақ Түркиямен келіссөзді жалғастыра береміз",- деді Меркель.
Аустрия канцлері де Түркияны айыптап, мигранттардан шекарасын қорғауға мүдделі екенін жеткізді.
Соғыс болып жатқан Сирияның Идлиб аймағының халқы қазір Еуропаға қарай үдере көшіп жатыр. Түркия Еуропаға қарай шекараны ашып жіберді. БҰҰ бірінші рет Сириядағы әскери қылмыстар үшін Ресейді айыптады. Ресей әуе соққысынан 63 бейбіт тұрғын қаза тапқан. 150 адам жараланған.
Кремль болса, БҰҰ уәжі біржақты деп отыр.
БҰҰ мәліметінше, Идлибте былтыр желтоқсан айында жағдай ушықаннан бері бір жарым миллион адам босып кеткен.
Abai.kz