Сауытбайға марапатты 4 наурызда Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп табыстады.
Помпео марапаттау рәсімі кезінде: "Сайрагүл Сауытбайға бас иеміз. Ол бұрын дәрігер болған. Ол шындықты айтқаны үшін отбасынан ажырап, қамалып, қысым көрді, өлім жазасына кесілуі де мүмкін еді. Ол – Қытайдың Коммунистік партиясының Шыңжаңдағы мұсылмандарға қарсы қысымы жайлы ашық айтқандардың бірі. Сайрагүл Сауытбай қорықпай Шыңжаң лагерьлері туралы ақпараттарды айтты және қазір де лагерьде қамалып шыққандар мен олардың туыстарына қамауда көргендерін ашық айтуға жігерлендіріп жүр" деді.
АҚШ мемлекеттік департаменті бұл сыйлықты бейбітшілік, әділдік, адам құқығы, гендерлік теңдік, әйелдер құқығы үшін күресіп, өмірін қауіпке тіккен әйелдерге береді.
Сайрагүл Сауытбай – АҚШ мемлекеттік департаментінің бұл сыйлығын иеленген екінші қазақ. 2018 жылы "Халықаралық батыр әйелдер" сыйлығына қазақстандық адвокат Айман Омарова ие болған.
Бұл сыйлықты Қырғызстандағы 2010 жылы 7 сәуірдегі оқиғадан соң билікті уақытша қолына алған Роза Отунбаеваға табысталған. Ол бұл сыйлықты 2011 жылы алды.
Abai.kz