Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Құйылсын көшің 12462 58 пікір 6 Наурыз, 2020 сағат 11:36

Қытайдағы үш миллион қазақ қырылып қалу қаупі алдында тұр

(Қазақстан Президенті мен халқына үндеу)

Әлемдегі қазақтың жалғыз Отаны – Қазақстан. 

Қазіргі таңда қазақтың Қазақстаннан өзге панасы да, иесі де жоқ.

Өткен ғасырда Отаршылдық пен қолдан жасалған ашаршылықтың  кесірінен біздің халқымыз өрасан зор шығынға ұшырап келді.

Еліміз Тәуелсіздік алып,  алыста жүрген ағайынды Қарашаңыраққа жиып алуды ерте қолға алғанымен, отыз жылда әрең бір милиионнан астам қазақ зорға оралды. Шетте әлі де бес-алты милиион қазақ қалып барады. Өкінішке орай, соңғы төрт-бес жылдың көлемінде олардың жағдайы күн санап қиындап кетті. Тіл мен діннен, ұлттық болымысынан айырылып бара жатқаны өз алдына, Қытайдағы үш миллионға таяу қазақ қырылып қалу қаупі алдында тұр. 

Қытай соңғы уақытта «Терроризммен және экстремизммен күрес» деп сипаттап, нәтижеде этникалық мүсылман ұлттарға саяси қысым жасап келсе, енді «Коронавирустан сақтану шарасы» аясында оларды «ҮЙ ТҰТҚЫНЫНА» алды. Ауыл мен ауылдың арасындағы жолдар жабылып, екі көршінің бірінің үйіне екіншісінің кіруіне шектеу қойылды. Осы жағдайға байланысты, дәрі-дәрмек, азық-түлік тапшылығы туралы ақпараттар дүркін-дүркін тарап жатқаны жасырын емес. 

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы Қытай экономикасын зор дағдарысқа ұшыратты. Жұмыссыздық пен жұқпалы апат қытай халқын сансыратып барады.

Егер, «Коронавируспен күресу шарасы» ары қарай жалғаса берсе, біз Ай мен Күннің аманында үш миллион қазақтан басы бүтін айырылып қалуымыз бек мүмкін!

Сол үшін мен Қазақстан билігі халықаралық заңнамалар мен шарттарға және кісілік құқыққорғау ұйымдарына сүйене отырып, Қытаймен келісіп, Шыңжаңдағы қандастарымызды Қазақстанға түгел көшіріп алуды талап етем! 

Сондай-ақ, бүкіл қазақ қоғамының ішкі наразылық пен ренішті доғарып, осы мәселеге үн қосуын сұраймын!

Қазақстандық ауқатты азаматтардың аталған шараға қаржылай көмектесуін өтінем!

Ауыт Мұқибек,

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.

Abai.kz

58 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052