Бас прокуратура хабарламасына сәйкес, Ибрагимов банк активтерін ұрлады деген күдікке ілініп, іздеуде болған. Ол банктің бұрынғы басшысы, оппозициялық саясаткер "Мұхтар Әблязовтің жетекшілік етуімен әрекет еткен". БАӘ-да Қырғызстан паспортымен жүрген Ибрагимов "қазақстандық құқық қорғау органдарының араб және қырғыз әріптестерімен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде" ұсталған.
Қазір ол Алматыдағы тергеу изоляторында қамауда отыр.
Қазақстан билігі Әблязовті БТА банкінің миллиардтаған қаржысын жымқырды деп айыптайды.
2009 жылдан бері шетелде тұрып келе жақан Мұхтар Әблязов өзіне тағылған айыптарды толық жоққа шығарады және билікті "актив көлемі жағынан елдегі ең ірі банкті тартып алды" дейді.
Нұр-Сұлтан оны елге экстрадициялауға күш салғанмен нәтиже шыққан жоқ.
2017 жылы Алматы соты Мұхтар Әблязовті БТА банкінің "ақшасын жымқыру ісі" бойынша кінәлі деп тауып, сырттай 20 жылға соттады. Бұрынғы екі топ менеджер шартты жаза алды. БТА банктің несиелендіру бойынша бұрынғы директоры Қайрат Садықов ұзақ жылға сотталды.
Abai.kz