Сенбі, 12 Сәуір 2025
3437 5 пікір 11 Наурыз, 2020 сағат 11:01

Өзбек билігі жарнамаларды мемлекеттік тілде жазуды талап етіп жатыр

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов елдегі қоғамдық орындарда жарнамалардың орыс тілінде жазылғанын сынға алды. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

9 наурызда өткен видеоселекторлық жиналыста үкімет басшысы жарнамалардағы қателер жөнінде айтып, өзбек тілі көбірек қолданылуы тиіс екенін айтты.

«Бірқатар дүкендер, асханалар «Скоро открытие» немесе «Мы открылись» деп жазып қойған. Жарнамаларды орыс тілінде жазу орталық қалада ғана емес, ауылды жерлерде де сәнге айналған. Біздің тілде жазсақ, ешкім түсінбей қала ма? Жоқ, дүкенге ешкім кірмей қоя ма? Мемлекеттік тілге деген патриоттық сезім болуы керек», - деді Арипов.

Үкімет басшысы елде негізгі коммуникация тілі өзбек тілі екенін ескертіп, жарнаманы басқа тілде жазуды тоқтату керек екенін талап етті.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1802
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4605
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3627