"Валюта нарығында барлығы, квазимемлекеттік сектор да, валютаны қарызды жабу немесе құрал-жабдық сатып алу кезінде ғана алуы тиіс. Валютаны сақтау үшін сатып алуға тыйым салынған", - деді Шолпанқұлова.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларындағы айырбас пунктерінде шетел валютасы саудасын уақытша тоқтатты. Алматы мен Нұр-Сұлтанда бір доллар құны 385-394 теңге аралығында құбылып тұр, ал Шымкентте - 390-393 теңге.
ОПЕК+ келісімі болмай қалған соң, әлем биржаларында мұнай бағасы құлдырады. Одан соң Forex биржасында Ресей рублінің доллар мен евроға шаққандағы бағамы төмендеді. Бұл жағдай Қазақстан валютасына да әсер етті.
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мәмин Ұлттық банкпен бірге мәлімдеме таратып, үкімет бюджет шығынын қысқартатынын жариялады. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке арнайы дағдарысқа қарсы штаб құруды тапсырды.
Abai.kz