Сенбі, 12 Сәуір 2025
46 - сөз 6254 7 пікір 11 Наурыз, 2020 сағат 11:18

Қазақстан кедендік одақтан шықпаса, қиындық азапқа айналады...

Еліміз кезекті девальвацияны бастан өткеруде...

Ресейдің ОПЕК-пен келісімге келмеуі, асығыс, қарабайыр, сауатсыз шешімі рубльге байлаулы ұлттық валютамызды құнсыздандырды.

СССР-ді құлату сценариі қайталана ма?! Ештеңе өндірмейтін, аз ғана мұнайына иек артқан біздің елдің жағдайы қалай болады?! Ұлттық банк интервенцияны қанша уақытқа соза алады?! Қазақстан кедендік - экономикалық одақтан тез арада шығып кетпесе қиындық азапқа айналады - ау...

Тіпті, үлкен айыппұл төлесек те, басқа да ауыр талаптарды орындасақ та, Ресейдің "қамытынан" құтылу керек, әйтпесе, жағдай қиындаған үстіне қиындай береді...

Орыстың түбі тесік кемесіне түсіп, өзіміздің бұрынғы, шағын болғанмен түбі бітеу қайығымызға ауысып отыруымыз керек. Ұрпақ қамы, мемлекет мүддесі үшін тез арада, өте шұғыл шешілуге тиісті ең үлкен іс - осы уақытқа дейін тек шығын әкелген "зиянды" экономикалық одақтан Қазақстан шығуы керек!

Базарбек Атығайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1802
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4605
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3627