Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
46 - сөз 4169 1 пікір 11 Наурыз, 2020 сағат 11:33

Коронавирустан шоу жасамаңыздар!

Коронавирусты жолатпаудың негізгі факторы, адамның өзін - өзі сақтау тетіктерін жасау. Аурудың алдын алу ең оңтайлы әдіс.

Бүгінде, денсаулық министрлігіне, "тәжтажал" әне кіреді, міне кіреді" деп сәуегелік жасамай, адамдарды, сол тажалдан сақтанудың тәсілдеріне үйретуге көшуі керек.

18 млн 500 адамға жеке гигиена, адамдармен денсаулыққа қауіпсіз қарым- қатынас жасау, адамның төзімділігін (иммунитет) арттыру факторларын үйретуге көшуі тиіс.

Денсаулық министрлігінің бүгінгі тіршілігі, сол коронавирустың тегін жарнамасын таратушы немесе Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының "тәжтажалдың" таралу картасын" түсіндіретін штабын елестетеді.

Коронавирустың қалай таралып жатқанын, біз, өзімізде, көріп отырмыз. Министрлік сол вирустан сақтанудың амалын халыққа жатық тілмен түсіндіріп беруі қажет! Біртановтың министрлігі өзінің негізгі миссиясынан адасып кетті. Коронавирустан шоу жасамаңыздар, оны жарнамаламаңыздар, халықты аман алып қалудың қарапайым амалын жасаңыздар...

1. Медициналық тұрғыдан оқу- ағарту жұмыстарын жүргізуден ақсап тұрмыз.

2.Қазірден, жалпыұлттық карантин жасау керек.

3.Теледидар, мессенджер, желіде қарапайым анықтама тарату керек.
Жалпыұлттық Штаб құрып, түсіндіру жүмыстарына барша жұртшылықты тарту өте маңызды!

У-шу, ырду- дырдумен бұл мәселенің қаупін сейілту мүмкін емес!

Ерлан Саировтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1553
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6217