Мүфтияттың мешітке келетін жамағатқа ескертуі
Мүфтият мешітке келуші мұсылман жамағатын төмендегі сақтық шараларға мән беруге шақырады:
1. Мешітке бетперде (маска) киіп келу.
2. Денсаулығы көтермейтін қариялардың, науқастар мен әйелдердің жамағат намазына қатыспағаны абзал.
3. Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу.
4. Жұма намазына дейінгі уағыз айтылмайды.
5. Жұма намазының хұтбасы қысқа ғана болады.
6. Жұма намазында қысқа ғана аят оқылады.
7. Парыз намазынан кейінгі сүннет намазды мүмкіндігінше үйде оқыған жөн.
8. Намазға дейін де, кейін де қол беріп амандаспау.
9. Намаз біткен соң жамағат болып тәспі тартылмайды.
10. Мүмкіндігінше тезірек тарқау.
Қайрат Жолдыбайұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан
Abai.kz