Украинаның бұрынғы президенті елден кетті
Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко елден кетті,-деп хабарлайды РИА Новости.
Порошенконың адвокаттары оның Украина аумағынан шығып кеткендіктен, Мемлекеттік тергеу бюросына (GBR) бара алмайтынын айтты. Алайда, олар Порошенконың қай елге кеткені жөнінде ақпарат бермеген.
Бір күн бұрын Мемлекеттік бюроның баспасөз қызметі Порошенконың 13 наурызда жауап алуға шақырылғанын хабарлаған болатын. Бірақ, жауап алу нақты қандай жағдайға байланысты екенін айтпаған. Ал, БАҚ Украинаның бұрынғы басшысы жауап алу кезінде тұтқындалуы мүмкін екенін жазды.
Бұған дейін «Слуга народа» партиясы фракциясының депутаты Александр Дубинский Порошенкоға қарсы 2018 жылға жалған ақпарат жариялау туралы іс қозғалғанын хабарлады. Порошенко 6 наурызда Мемлекеттік тергеу бюросына барып, бұл істі жабуды міндеттейтін сот шешімі бар екенін айтқан. Алайда, Украинаның Мемлекеттік тергеу бюросы мұндай хабарлама алмағанын хабарлады.
Abai.kz