Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3388 0 пікір 2 Қазан, 2011 сағат 05:46

Қарағандыда жылыту маусымы белгіленген мерзімнен 2 апта бұрын басталды

Қарағанды. 30 қырқүйек. ҚазТАГ -Қарағандыда биыл жылыту маусымы әдеттегіден жарты ай бұрын басталды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

«Бұрын жылыту маусымы қазан айының ортасында басталса, биыл ол 26 қырқүйекте ресми түрде іске қосылды. Бұл ғимараттар суып кетпеу үшін жасалды. Әйтпесе, адамдар электр құралдарын пайдалана бастайды да, бұл проблемалар туындатады», -  дейді Қарағанды әкімінің орынбасары Андрей Ляпуновжұма күні.

Оның айтуынша, бірінші кезекте жылу әлеуметтік нысандарға берілді, ал тұрғын үйлер орталықтандырылған жылу жүйесіне пәтер иелері кооперативтерінің өтініштері бойынша қосылады.

Қала басшылығының ақпаратына сәйкес, бүгінгі күні Қарағандыда қаладағы нысандардың жартысынан астамына жылу берілді.

«145білім мекемесінің 118немесе 83%қосылды. Жылу 37денсаулық сақтау (62%),19 мәдениет (26%), 3 спорттық (33%), 57 басқа бюджеттік ұйымға (74%)берілді. 2256көп қабатты үйдің 1178немесе 52%жылуға қосылды», - деп нақтылайды қала әкімдігі.

Қала басшылығының мәліметінше, Қарағандыда 22 тұрғын үй қысқа әлі дайын емес. «18тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылыту жүйесін ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша өзгертіп жатыр. Кестеге сәйкес, бұл үйлер 5 қазанға дейін толығымен дайын болуға тиіс», - деп хабарлайды қала әкімдігі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321