Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
4364 4 пікір 15 Наурыз, 2020 сағат 20:51

Елімізде тоғызыншы адамнан коронавирус анықталды

Елімізде тоғызыншы адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы ҚР ДСМ ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.

"Алматыда коронавирусқа қатысты тағы бір сараптаманың нәтижесі шықты. Қауіпті вирус анықталды. Ол 2008 жылғы қыз бала. Бізге Германиядан ұшып келген. Қазіргі уақта Алматыда қауіпті вирус жұқтырғандар саны 7 адам. Ал Нұр-Сұлтанда 2 адам", деді Диас Ахметшәріп.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін тағы бір қазақстандықтан коронавирус белгілері анықталған. Ол қазір Германияда.

Қазіргі таңда 1644 адам стационарлық, ал 628 адам өз үйлерінде карантинге жатқызылған.

Ал бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Төтенше жағдай жариялаған еді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1384
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2965
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1029
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 967