Қазақстанға Қытайдан әскери-көлік ұшағы жеткізілді
Алматыға Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери-көлік авиациясы паркін толықтырған Y-9E әскери-көліктік ұшағы келіп қонды.
Ұшақты жеткізу авиациялық паркті жоспарлы жаңарту аясында жүзеге асырылып отыр. Жаңа ұшақ жеке құрамды, әскери жүктер мен материалдық құралдарды тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Техникалық сипаттамалары бойынша Y-9E қолданыстағы C-295 және A400M ұшақтарының арасындағы орынды иеленеді. Ұшақтың авиациялық паркке қосылуы ұшу қашықтығы мен жүк салмағын ескере отырып, әуе тасымалдарын барынша икемді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Abai.kz