Енді Christian Dior, Guerlain және Givenchy маркасымен косметика шығаратын желілерде микробтардан тазартатын антисептикалар да шығарылатын болады. Мұндай мәлімдемені компания дирекциясы хабарлады.
Бұл шешімді компания президенті Бернар Арно қабылдаған. Сонымен бірге тазалық өнімдері Париждегі 40 ауруханаға тегін таратылмақ. Бір апта ішінде 12 тонна санитайзер шығару жоспарланып отыр.
Дәрігерлер коронавирус жұқтыру қауіпін төмендету үшін қолды сабынмен жиі жуып, санитайзер қолдануға кеңес береді.
Францияда коронавирусты жұқтырғандар саны 5400-ке жетіп, 120 адам қаза тапты.
Abai.kz