Қазақстанда оныншы адамнан коронавирус анықталды
Елімізде оныншы адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы ҚР ДСМ ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлап айтты.
Қауіпті вирус жұқтырған адам 1986 жылғы қыз бала. Ол 15 наурызда Алматы-Ыстамбұл рейсімен ұшып келген.
Айта кетейік, осыған дейін елімізде тоғызыншы адамнан коронавирус анықталғаны айтылған. Олардың жетеуі - Алматыда, екеуі - Нұр-Сұлтанда. Тағы бір қазақстандық Германияда.
ҚР ДСМ мәліметінше, қазіргі таңда 1641 адам стационарлық, 981 адам өз үйлерінде карантинге жатқызылған.
Сондай-ақ, "ҚазМұнайГаздың" екі қызметкері коронавирус жұқтыруы мүмкін деген. Оның біреуі қаіпті вирус жұқтырған адаммен бірге бір ұшақта болған. Олар Франкурттан Нұр-Сұлтанға ұшып келген. Ал екінші адам сол бортпен Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшқан. Кейін екі азаматтың да тестерінің нәтижелері жарияланған. Вирус белгілері анықталмаған.
Ал кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел аумағында Төтенше жағдай жариялады.
Abai.kz