Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 27-ге жетті
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны тағы 14 адамға көбейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.
- Нұр-Сұлтанда тағы 14 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлаймыз. Олардың барлығы карантинге жатқызылды, диагноз расталды. Олармен байланыста болған адамдардың барлығы оқшауланып, карантинге жатқызылып жатыр, - деді министр.
Бүгін, 17 наурызда Алматыда тағы 3 адамнан коронавирус анықталған еді.
Осылайша, Қазақстан территориясында Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 27-ге жетті.
Біртановтың айтуынша, пациенттер және олармен қарым-қатынаста болғандар түгел карантинге жатқызылып, оқшауланды.
Abai.kz