Сенбі, 19 Сәуір 2025
2418 5 пікір 17 Наурыз, 2020 сағат 13:22

Доллар 440-441 теңгеден сатылып жатыр

Қазақстанық қор биржасындағы (KASE) таңертеңгілік сауда-саттық нәтижесі белгілі болды. Бүгін, 17 наурыз күн америкалық валюта бірлігі 435,7 теңге болды,- деп хабарлайды Nur.kz.

Ал, Kurs.kz мәліметі бойынша, Алматы айырбастау нүктелерінде валюта орташа 439,5 теңгеден, ал Нұр-Сұлтан айырбастау нүктелерінде 440-441 теңгеден сатылып жатыр. Ал Шымкентте америкалық валютаның орташа бағасы 438 теңге болып тұр.

Айта кетейік, күні кеше Қазақстандағы айырбастау нүктелерінде АҚШ долларының құны өсіп кетті. Жарты сағатта америкалық валютаның бағасы 415 теңгеден 450 теңгеге дейін көтерілген.

Ал жұма күні бір доллар 408 теңгеден сатылған. Бір апта ішінде шетелдік валюта 16 теңгеге қымбаттаса, бір ай ішінде 29 теңгеге өскен.

Ал осыған дейін, тоғызыншы наурызда мұнайдың әлемдік бағалары құлдырағаннан кейін Қазақстанның айырбастау нүктелерінде доллар бағамы 399 тг.ға дейін көтерілді.

Осыдан кейін Қазақстанның Ұлттық Банкі дүниежүзілік нарықтық жағдай аясында баға тұрақтылығын қолдау мақсатында базалық мөлшерлеменің өзгергенін хабарлады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2033
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4889
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4087