Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
Коронавирус 2535 5 пікір 17 Наурыз, 2020 сағат 16:34

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 32-ге жетті

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны тағы 5 адамға көбейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.

- Олардың төртеуі Алматыда, біреуі Нұр-Сұлтанда, - деді Ахметшәріп.

Бүгін бір күнде 22 адамның вирус жұқтырғаны анықталып отыр.

17 наурызындағы, сағат 09:00-да Алматыда тағы 3 адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған. Ал түскі 12:00-де елорда коронавирус инфекциясын жұқтырған 14 адам анықталғаны айтылды.

Осылайша, Қазақстан территориясында Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар саны өкінішке орай 32-ге жетті.

Министрлік ақпаратына сенсек, пациенттер және олармен қарым-қатынаста болғандар түгел карантинге жатқызылып, оқшауланды.

Abai.kz

5 пікір