Жексенбі, 24 Қараша 2024
Өз сөзі 2178 2 пікір 18 Наурыз, 2020 сағат 11:45

Ұлттың ұлылығы рухында...

Кезінде ақын Қасым Аманжолов, «Біреудің аспандағы асылымын, Біреуге жұртта қалған жасығымын...» дегендей бұл қазаққа тиіспей жүрсең де, анда-санда бізді еске алып қоятынына «рахмет»?! Бүгін мен туралы Атығаев деген фейзбукке жазыпты. Бұл жігіттің сөзі мен ісінің әлкес-шәлкес екенін 2015 жылы Халықаралық Адам институтының, «Алаш» ҒЗО-мен бірге ЮНЕСКО-да (Париж) «Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған конференция» өткізу кезінде байқағанмын.

Ол конференцияға әртүрлі институттар мен университеттерден ғалымдар қатысты. Солардың ішінде тарих ҒЗИ қатысуы тиіс болатын. Сол институттың басшылығы аталған конференцияға қатыспады. Институт директорының сол кездегі орынбасары Н. Атығаев жұмысқа көмектесудің орнына әртүрлі болмайтын сұрақтармен бірнеше ай бойы басымызды қатырып жібергесін, ол институт ұйымдастыру тобынан шығарылды және Атығаевтың мақаласы конференцияның материалдарына кірмей қалды.

Басшылары осындай тарих институты 2014 жылы Ресейдегі тарихшыларымен бірге «тыңның тарихын зерттеп» 6 том шығарамыз деп бағдарлама жасаған болатын. Ондай қалаймақан бағдарламаны тоқтату үшін мен «Президент және халық» газетінің 2014ж 21 сәуірдегі нөмірінде көлемді мақала жариялап, оны барлық ҒЗИ пен университеттерге тараттық. Сөйтіп «тың туралы ұлы бағдарлама» құрдымға кетті.

2019 жылы көктемде «Рухани жаңғыру...» бойынша дайындап жатқан бірнеше жобаға тарихшы қажет болып Ғабиден Жәкеевтен көмек сұрағанда, ол курстасым деп Н.Атығаевты алып келді. Үшеуміз кездескенде Нұрланға, «Институт, ол өрт сөндіретін мекеме емес. Сенің ерекше талабыңның ешкімге қажеті жоқ. Осы жобаларға қатысқандардың барлығына бірдей талап қойылады. Жобаға қатыссаң кейде аздап еңбегіңді күтетін жағдай болады. Ең негізгісі біз осы уақытқа дейін ешкімге қарыз емеспіз. Қалай болғанда да еңбегіңді толығымен аласың. Алда 100 томдық «Әлем тарихындағы түркі өркениеті» жинағын жазуға 23 елден әр саланың ғалым-мамандары қатысады және оған 7-10 жыл кетеді...». Осымен келісіп жобаны министрліктерге тапсырдық. Өткен жылы ол «Рухани жаңғыруға ...» кірмеді. Бұл жобаларды қабылдамаған министрлерді жұмыстан кетіру туралы Президентке де жазылды.

Себебі, «Сокральды (яғни «О дүниелік») Қазақстан» деген мемлекеттік мекеме құрғандардан не сұрауға болады?

Осындай жағдай Сарайшық қаласының орнын сақтап қалу үшін Жайықтың жағасының құлауын тоқтататын дамба салуға қаржы бөлудің қажеттігі туралы мәселе бірнеше рет көтеріліп, облыстың бір әкімі жұмыстан кетіп, Н.Ноғаев Атырауға әкім болып келгесін, 13 жылдан кейін шешілген. Жалпы, бұрын істелмеген жаңа және көлемді жобалар бір жылда шешілмейтіні қалыпты жағдай ғой.

Атығаев пен Жәкеевке, «егер осы жоба созылып кететін болса, Нұрланның еңбегі ондаған есе артық етіп қайтарылады» деп айтылды. Сөзге тоқтамайтын адамға не айтуға болады? Оның бүгінгі жазғанын Миттеран, «скрытое поощрение» десе, ондайларды Шығыс даналығы «сенің артыңдағылар» дейді.

Менің ойымша мәселе Нұрланда емес, Атығаевта сияқты.

2015 жылы Нұрсұлтанда Мемлекеттік тарих институтындағы халықаралық ғылыми конференцияда сөз бергесін кафедраға шықсам, залда негізінен жастар екен. Соларға арнап, 2011ж Адам институтының Президенттен бастап биліктің барлық тармақтарына «адамның тегі оның тағдырын анықтайды. Бодандықтан арылған қазақтың тегінде «-ов», «-ев» т.б. болмау керек... Жас тарихшылар да тектерін түзету керек. Себебі, бодан адам азаттық туралы зерттеп, қоғам мен ұлтқа мағыналы ештеңе айта алмайды... Бұл азат ұлттың негізгі ұстанымдарының бірі...» деген бағытта хат жазғанымызды айтып, Римді салған Ромул – өзінің тегін Иафеттен бастайтынын яғни он мың жылдық тарихы мен тегін білетінін. Шежіреші-тарихшылардың маңызы, олардың он мың жылдық тарихты біліп, елдің мың жылдығын дұрыс болжауында» екенімен қорытындыладым.  

Текті өзгерту туралы заң 1996ж шыққанымен, 23 жылда қазақтың 23% өз тектерін өзгертпесе кімге, не дейсің? Оның ішінде «зиялы ма, зиянды ма» екенін түсінбегендерге... ше? Ондай тобыр «Қазақта шегара болған жоқ... Қазақстанның тарихы 1991 жылдан басталады» деген доңыз тағалаушылардың сандырақтарын Құранның сүресіндей қайталауға дайын болады.

Мәселе жеке біреуде де болмас. Жалпы, осы Нұрлан сияқтылардың шатпақтарының ешкімге қажет емес екені де түсінікті.

Негізгі мәселе біздің тарих ғылымы Г.Киссенжирдің «Қазақстан өркениеттердің бесігі» дегенін неге зерттемейді? Археологиямыз неге орта ғасырдан әрі бара алмайды? Мемлекеттің шынайы тарихын жазудан неге және кімнен қорқамыз?...

2007 жылы В.Путин Аркаимде болғаннан кейін Ресей жаңа тарихын жазуға кірісті. Оның ішінде маңызды сала 2020 жылы 750 жылдығын өткізіп жатқан Алтын Орданың мұрагеріміз деген ұстанымында. Бір бұрмаланған тарихты жүз жылдан кейін де өзгерту қиын болады. Сондықтан, 2017 жылы «Сарайшық үш мемлекеттің астанасы» (Алтын Орда, Ноғай және Қазақ хандықтары) атты мақаланы Парижде шығарып Ресей т.б. ондаған елге тараттық. Алтын Орданы құру туралы шешім 1227 жылы Тараз Құрылтайында қабылданғаны белгілі. Бұрмаланбай, дұрыс жазылған тарих мемлекеттің ХХІ ғасырдағы сара жолын айқындайды. Сондықтан, тарих үшін күресті, Отан үшін күрес деп қабылдау керек.

Ал, біздің жүзден астам университеттер мен ондаған ҒЗИ тарихшылары мен мамандары үшін астау (кормушка) Отаннан да қымбат па деп қаласың?!

Тараздың тарихы мен археологиясы мәселесін руханиятымыздың жанашыры А. Мырзахметовпен талқылап отырғанда көрші өзбектерге байланысты тосын жағдайлар шықты. Өзбектер Сталиннің кезінде (ол кезде біздікілер бірінің үстінен-бірі арыз жазып 60 мыңдай алашордашылар мен зиялыларды айдатып, атықызып, Ахаң айтқандай «ауылдың иттеріне қапқызып» жатты) Самарқанның б.д.д. ІХ ғ., Бұхара- б.д.д. VIIIғ., Хиуа – б.д.д.VIIғ... қалалар екендерін анықтап барлық оқулықтарға кіргізсе, Хрушевтің кезінде Қазақстанның жерін қосып алып, Ш.Рашидовтың туған жерінде Жезақ облысын ашты. Бұл, б.д.д. ІІ ғасырда «Жер мемлекеттің негізі» деген Мөде қағанның өсиетін ұстанған мемлекет пен елінің мүддесін ойлайтын дана басшылардың тірлігі. Ал, жері мен елін сатуға дайын ұры-қары басқарған елдің ұлағатты болмасы белгілі...

Ұлттың ұлылығы рухында. Рухтың биіктігі зиялыларында. Елдің күш-қуаты зиялылар мен халықтың бірлігінде. 30-шы жылдардағы жасанды аштық пен репрессияның негізгі себебі елде бірліктің болмауынан.

Қазіргі Қазақстанның дамуына кедергі үш түрлі обыр бар. Олар: мәңгүрттік, рушылдық және әсіре діншілдік.

Бұл, дерттерден құтылу үшін қоғамды мемлекетқұрушы Қазақ халқының айналасына біріктіретін ұлттық яғни мемлекеттік идеологияны қабылдап, іске асыру қажет.

Жанұзақ Әкім

Қосымша: Abai.kz ақпараттық порталы еркін ақпарат алаңы. Мұнда ой жарыстырып, пікір алмастыруға әркім құқылы. Жоғарыдағы спикердің пікірі редакция ұстанымын білдірмейді. Алдағы уақытта мақалада есім-сойлары аталған жекелеген азаматтар редакциямызға жауап беруге ниетті болса, олардың да пікірін беруге әзірміз. 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576