Сенбі, 23 Қараша 2024
4254 1 пікір 20 Наурыз, 2020 сағат 14:31

Алматыда коронавирус жұқтырған екі жасар қыздың жағдайы нашарлады

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Алматыда коронавирус жұқтырған екі жасар қыздың жағдайы нашарлағанын айтты. 

Әбілдаевтың айтуынша, қазіргі уақытта 696 адам ауруханада жатыр.

-Бүгіне 20 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, екеуінің жағдайы - орташа ауыр. Қазіргі уақыта 696 адам ауруханада жатыр, 1 108 адам үй карантинінде, - деді ол.

Ал, вирус жұқтырған екі жасар қыздың жағдайы орташа ауыр екені айтылды.

-Науқастың жағдайы орташа ауыр, тұрақты.2018 жылы туған қызда жөтел бар, рентген оң жақты пневмония екенін көрсетті, - деп хабарлады Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Набира Есенова.

Еске салайық, мұның алдында екі жасар қыздың және анасының коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.

Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 49 адамға жетті. Оның 22-сі Алматыда, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екі адам Қарағандыда тіркелген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534