«COVID-19 адамдарды өлтіріп, экономикаға зиян келтіріп жатыр. Ірі қалалар, елдер оқшауланып, шекаралар жабылып жатыр. Үлкен жиырма елдің лидерлері ғаламдық дағдарысқа тез үн қатуы керек»,- деді бас хатшы.
Гутерриш ең бірінші адамдардың денсаулығы үшін барлық қорқынышты азайтып, экономиканы қалпына келтіруге әрекет ету қажет екенін жеткізді.
«Ең дамыған елдердің денсаулық сақтау жүйесі де бұл індетке қарсы тұра алмай жатқанын көріп отырмыз. Медицинаға қажетті барлық заттарды жеткізу үшін бұл салаға қаржыны тез арада көбейту керек»,- деді бас хатшы.
Гутерриш Сауд Арабиясының «Үлкен жиырма» саммитін өткізу ниетін қолдайтынын айтып, оған қатысатынын жеткізді.
Осыған дейін Сауд Арабиясы алдағы аптада онлайн режимде «Үлкен жиырманың» шұғыл саммитін өткізіп, COVID-19 пандемиясына қарсы бірлесіп күресу мәселесін талқылау қажеттігін білдірген.
Abai.kz