Дүйсенбі, 14 Сәуір 2025
4125 1 пікір 22 Наурыз, 2020 сағат 21:33

Вице-премьер Тоғжановтың інісі әкім болып тағайындалды

Вице-премьер-министр Ералы Тоғжановтың туған інісі Батыс Қазақстан облысында аудан әкімі болып тағайындалды.

Марат Токжанов. Ол енді Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданын басқарады. Бұған дейін Ақтөбе облысында әкімнің орынбасары болып қызмет еткен екен.

Токжанов 1965 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Қарағандыда, сосын БҚО-да университет бітірген. Мамандықтары - тарих пәнінің оқытушысы, қоғамтанушы, заңгер, экономика магистрі.

Еңбек жолын Сәтпаевта мұғалім болып бастаған. Батыс Қазақстан облысында бірнеше лауазымды қызметтерде болған.

2018 жылдың желтоқсанында Марат Токжанов Ақтөбеге облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. Ол кезде Маңғыстау облысының әкімі болып тұрған Ералы Тоғжанов інісінің жоғарғы қызметке тағайындалуына өзінің еш қатысы жоқ екенін айтып, ағынан жарылған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1866
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4676
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3725