Атырауға БАӘ-ден 126 турист келді
Атырауға чартерлік рейспен Біріккен Араб Әмірлігінен 126 турист келді.
«Бұлардың бәрі – осы елге демалуға барған қазақстандықтар. Олардың арасында Атырау облысынан 106 адам бар. Ал, 26 адам – көршілес Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының тұрғындары.
Оларды әуежайда санитарлық дәрігерлер қарсы алып, барлығының дене қызуын тексерді. Ешқайсысынан жоғары температура байқалмады. Атыраулықтар үйіне жіберілді. Дәрігерлер оларды мекен-жайында 14 күн бақылауға алады.
Көршілес облыстарда тұратындардың мекен-жайы, байланыс нөмірлері алдық. Барлық деректі сол облыстардағы әріптестерімізге береміз», - деді Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Abai.kz