Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 61-ге жетті
Алматыда тағы бір адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
23 наурыз сағат 12:40-тағы жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 61-ге жетті.
Алматы қаласында – 26 адам,
Нұр-Сұлтан қаласында – 31 адам,
Қарағанды қаласында – 2 адам,
Алматы облысында – 1 адам,
Ақтөбе облысында – 1 адам.
Abai.kz