Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
4019 0 пікір 23 Наурыз, 2020 сағат 13:05

Ақтөбе қаласы карантинге жабыла ма?

Коронавирус пандемиясына байланысты Ақтөбе қаласы қандай жағдайда карантинге жабылатыны белгілі болды.

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің пікірінше, қазіргі таңда қаланы карантинге жабудың қажеті жоқ. Оның айтуынша, шаһардағы жағдай тұрақты.

-Егер жағдай ушығып, науқастардың саны артса, тиісті шараларды қолға аламыз. Сонда карантин мәселесі қаралады, - деді басқарма басшысы.

Осыған дейін Ақтөбеде бір адам коронавирус жұқтырғанын, онымен байланыста болған 68 адам карантинге жатқызылғанын хабарлағанбыз.

Айта кетейік, бүгін елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 61-ге жетті.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

Abai.kz

0 пікір