Жексенбі, 13 Сәуір 2025
4947 11 пікір 23 Наурыз, 2020 сағат 19:45

«Шодиев қоры Өзбекстанға 200 млн доллар бөлді» деген ақпарат - жалған

Шодиев халықаралық қоры Өзбекстанға коронавируспен күреске 200 млн доллар бөлді деген ақпарат жалған. Бұл туралы аталған қордың баспасөз қызметінен мәлім етті,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шодиев халықаралық қоры Қазақстанның әлеуметтік желілерінің кейбір пайдаланушылары «Патох Шодиев Өзбекстанның коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларына 200 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлді« деп жариялап жатқан мәліметтердің шындыққа сай келмейтіндігін ресми мәлімдейді», - делінген қор таратқан ақпаратта.

Шодиев халықаралық қоры (ICF) – Патох Шодиев 1996 жылы негізін қалаған үкіметтік емес қайырымдылық қоры. Қор ТМД, Азия және Еуропа елдерінде қайырымдылық жобаларымен айналысады.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1839
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4651
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3693