Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2406 0 пікір 7 Қазан, 2011 сағат 04:57

Шәріпхан Қайсар. Осы Ақпарат министрі қазақ радиосын тыңдай ма екен?

Кәзір автобус біткен толған қара(қара сүйек) қазақ. Әсіресе, жастар мен орта жастағылар. Құлақтарына тыңдауыш іліп, радио тыңдап, өздерімен өздері қаланың бір түкпірінен екінші жағына ағылып жатады. Бірақ осылардың Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосын тыңдайтынына күәнім бар. Өйткені, бұл толқындарды қаланың ескі орталығынан ұзаған сайын тыңдау мүмкін емес, үні барынша бәсең әрі ыжылдаған «әуенге» толы құлағыңмен алысқан дыбыс оған мүмкіндік бермейді. Ал, басқа жеке радиолар құлақты жаратындай саңқылдайды.

Бұл жайтты өз күшімізбен тергеу жүргізе келе, барлық мәселе толқын тарату кіндігінде отырған жандардың көзқарасында деген қорытындыға келдік. Өйткені, радиотолқын мен телеэфирді тарататын елімізде монополиялық «Кателко» деген мекеме бар. Ондағы басшылардың тегі қазақ болғанмен, қарапайым толқын жиілігін молайтып, бәсеңдетіп-күшейтетін батырғыны бармағымен басып отырған  азаматтар орыстілді, бірақ қазақ емес жұрт өкілі болып келеді. Міне, сұрастырып байқауымызша, осы жігіттер қасақана түрде қазақ радиоларының жиілік деңгейін бәсеңдетіп отыратыны жайында сыбыс қаулап кетті.

Бұл сыбысты өсек деуге келмейді, себебі, Астанадағы он шақты толқын таратушы радиомекемелердің «Кателкоға» жеткізетін жарақтары мен саймандары жетілгендігіне күмән жоқ. Оның ішінде жыл сайын миллиардтап қаржы бөлініп жатқан мемлекеттік теле-радио ұйымдарының сигнал тарату желісі де алдыңғы қатарлы жарақтанғанына сенімдіміз. Сөйтіп, мәселе әлгі мекеменің тетігінде отырғандарда болатыны сөзсіз.

Шовинист күштер арнайы ұйымдастырмаса да, саналы түрде арам пиғылды азаматтардың қолы қасақана түрде Қазақ радиосы мен «Шалқарды» басып отыратынын астыртын түрде кейбір мамандар бізге жеткізді. Мұндай жеке саботаждарды қазақтілді теле-радиожурналистер күнде бастан кешіп жатады, мысалы, бағдарламалардың «перебивка», «отбивка», «шапка» секілді компьютерлік безендірмесін әзірлеуге әдетте славянтектілер монополия болып алған, олар қазақтілді бағдарламаларға ылғи да атүсті қарап, бейшара ете салатынын талай бастан өткізгенбіз. Бұл жерде де сол «феномен» іске асуда секілді.

Тексере барған бойда тетікті қалыпты деңгейге қоя салып, артынан қазақтілді толқынды қысуды қолға алатыны турасындағы пікір бізге  ғана емес, жоғары жақтағыларға да жетуі керек еді. Шамасы, Ақпарат министрінен бастап, бұл саланың басшылығы өзге тілдегі толқынды ғана құлағы шалатын болса керек. Әйтпесе, егемендігі 20 жылға толған мемлекеттік радиотолқындардың мүсәпір халына назар аударатындай айлық алып отырғандарына күмәніміз аз. Ал, халықтың көзі мен құлағын әрі тілін бағып, саясатқа айналдыруға тиісті депутаттардың не тыңдап жүргенін сайтан білмесе, біздің шаруамыз болмады.

«Абай-ақпарат»

Астана

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434