Сенбі, 23 Қараша 2024
2837 0 пікір 27 Наурыз, 2020 сағат 16:20

ҚМДБ өкілдері “Қайырымдылық керуені” жобасын жүзеге асыруда

Бүгінде әлем елдерін алаңдатып отырған COVID-19 пандемиясы Қазақстанға да тарап үлгерді. Мұндай жауапты сәтте дін қызметкерлері же көпшіліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолға алған. Осыған орай, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы мешітке келетін жамағатқа арнайы үндеу жариялаған болатын.

Атап айтқанда, ҚМДБ өкілдері барша мұсылман қауымды көпшілік жиналатын іс-шаралар мен ас-садақа жиындарды кейінге шегеруге шақырды. Ал, жамағатпен оқылатын намаздарға қатысқан кезде, құлшылықтан кейін қол беріп мандасуға, бір орында жиналып дұға жасауға шектеу қойылатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, мешітке баратын көпшілікке бірнеше сақтық шарасын сақтауға үндеген болатын. Мәселен:

-Қариялардың, әйелдер мен науқастардың жамағат намазына қатыспағаны дұрыс;

-Намаздан кейін көп кідірмей, бірден тарап кету;

-Мешітке бетперде (маска) тағып келу;

-Мешітке үйден дәрет алып келу;

-Мешітке кіргенде және намаздан кейін қол беріп амандаспау;

-Намаздан тыс мешітте топтаспау;

-Жамағатпен оқылатын намазға кішкентай балаларды алып келмеу;

Осылайша ҚМДБ өкілдері әр адамның өзі мен отбасының және халықтың амандығы үшін жауапкершілікті сезіну қажеттігіне баса мән беруге шақырды.

Сондай-ақ, еліміздің бірнеше өңірінде коронавирус індетіне қарсы мешіттерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы “Әзірет Сұлтан” мешітінде арнайы дезинфекция жұмыстары жасалып, мешіттің бірнеше жеріне медциналық тазартқыш сұйықтықтар орнатылған. Мәселен, төменгі қабаттағы діни заттар дүкеніне, қызметтік бөлмелерге, асхана мен дәретхана аумағына арнайы сұйықтықтар қойылған.Және, мешітке барған адамдарға тазалық сақтау талптары да түсіндірілген. Сонымен қатар, коронавирустан қорғану мен басқа да қажетті мәліметтер арнайы парақшалар арқылы көпішілікке таратылуда. Қазір мұндай шаралар Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық мешітте жалғасын тауып жатыр.

Сондай-ақ, вирусқа қарсы сақтық шаралары Жамбыл облысының барлық мешіттерінде қолға алынған. Облыс орталығындағы “Һибатулла Тарази” мешітінде  залалсыздандыру шарасының аясында мешіттің бірқатар жерлеріне медициналық тазарту құралдары орналастырылған. Есіктердің тұтқасы мен текпешек тұстары хлорланып, дәкемен оралған. Қол жууға арналғған сұйықтық сабындар бірнеше жерге қойылып, гигиеналық талаптар жазылған арнайы парақшалар мешіт маңына жабыстырылған. Жұма намазы кезіндегі сақтық шаралары көпшілікке ескертілген. Және жамағатқа арналған  бетперде үстелі орнатылған.

Ал, Алматы қаласында жұма намазына орай бірқатар өзгерістер болды. Мәселен, жұма уағызы айтылмайды, көпшілікпен тәспих тартылып, дұға жасалмайды. Сондай-ақ, қала мешіттерінде қажетті заласыздандыру жұмыстары жүргізіліп, ғибадатхана іші толығымен дезинфекцияланған.

Сонымен қатар, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты мешіттер онлайн дәріс жүргізуді бастады.

Ал, өңірлерде мешіт қызметкерлерінің ұйытқы болуымен бірқатар қайырымдылық шаралары атқарылған. Мәселен, Атырауда “Бейбарыс Сұлтан” мешітінің қызметкерлері зейнет жасындағы анналарға дәрі-дірмек алып беруді ұйымдастырған. Сонымен қатар, қла көшелеріндегі адамдарға жүзге жуық көп реттік маскаларды тегін таратты. Бұл шаралар ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының “Қайырымдылық керуені” атты жобасының аясында жүзеге асырылған.

Ал, Қостанайда облыстық мешіт қызметкерлері өңірдегі маска тапшылығын ескере отырып, ғибадатхана келген әр адамға тегін бетперде үлестірді. Қазір Қостанай мешіттерінде күнделікті тазалық қатаң бақылауға алынған.

Сонымен қатар, облыстағы Әулиекөл ауданындағы бірнеше мешіттерле ел иглігіне айналар атулы жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айтар болсақ, аталған аудндағы Құсмұрын елдімекенінің жүзден астам жанұясы бірігіп, ауылдағы мешіттің асханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Келешекте бұл мешіт асханасында өмірден өткен кісінің жаназа асы, қырқы, жылы сынды рәсімдері өткізілетін болады. Ауыл тұрғындары мешіт асханасын жөндеу барысында асхананың төбесіне ерекше назар аударған. Онда 100 литрге анралған су ысытатын жаңа бойлер, 2 газ плитасы қойылған. Еденге линолеум төселіп, ыдыс қоятын арнайы орындар жасалған.Сөйтіп, ауыл тұрғындары “Хақ” мешітінің барлық жөндеу жұмыстарын өзері атқарып, ұйымшылдық танытқан.

Ал, осы өңірдегі Ұзынкөл аудандық “Балықты” мешітіның ұжымы өңірдегі түрлі ұлт өкілдерінен құралған ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетті.

Әуелі мешіттің бас имамы Есенкелді қажы Әжімахан жиналған қауымға рухани дәріс оқып, аналар көкейде жүрген сауалдарына жауап алды. Сонымен қатар ақ жаулықты аналар мешіт ішіндегі мұражаймен танысып, ондағы Құрандар мен қиссалардың тарихына қанықты.  Ал, кездесу соңында аналарға сыйлықтар табысталып, арнайы ақ дастархан жайылды.

Ақ жаулықты аналар қауымын Ұзынкөл аудандық мешітінің алқа мүшесі Кенесары Омарұлы, жеке кәсіпкер М.Мәзитұлы құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Ал, аналар қауыы өңідергі бас имамға, шараны ұйымдастырушыларңа алғыстарын айтты.

Ал, Алматы облысында ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің өңір бойынша жауапты өкілі Жанабіл Жұмабеков пен өңірлік “Зекет қоры” өкілдігі облыс аумағындағы блок бекеттерде қызметін атқарып жатқан медицина мамандары мен әскерилеге, жолаушыларға ыстық тамақ таратты.

Сондай-ақ, ҚМДБ “Зекет қорының” Талдықорғанға қарасты Көксу және Ескелді аудандық бөлімінің өкілдері Талдықорған қаласына шығатын жол бойындағы тәртіп сақшыларына, медицина, санитар қызметкерлеріне тамақ, ас-су жеткізіп берді. Сонымен қатар мешіт қызметкерлері мұқтаж жандарға 100 дана маска табыстаған.

Ал, Талдықорған өңірі бойынша, “Зекет қоры” Алакөл аудандық орталық мешітінже ҚМДБ ның 30 жылдығына сәйкес, “30 игі шара” жоспары бойынша, 30 отбасына зекет беріліп, азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ұйытқы болуымен басталған “Қайырымдылық керуені” осылайша әр өңірде қолдау тауып, ел игілігіне қызмет етуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402