Сенбі, 11 Қазан 2025
4377 3 пікір 29 Наурыз, 2020 сағат 12:29

Тоқаев: Дәрігерлерге қаржылай қолдау қажет

Еліміздегі күрделі жағдайда еңбек етіп жүрген дәрігерлер үшін қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісінде жазды.

Президенттің айтуынша, дәрігерлерді қаржылай қолдау шараларына байланысты қабылданған шешім алдағы дүйсенбіде жарияланады.

"Санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есептеулерді жүргізуде. Қабылданған шешім дүйсенбіде жарияланады", - деп жазды Президент Twitter желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 251-ге жетті. Олардың 18-і жазылып шыққан.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 810
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9870